Бір бүйрегі жоқ 10 жасар бала көмекке зәру

Елмұрат Юнусов дене шынықтыру пәнін жақсы көреді, болашақта футболшы болсам деп армандайды

 

Елмұрат Юнусов дене шынықтыру пәнін жақсы көреді, болашақта футболшы болсам деп армандайды
Елмұрат Юнусов дене шынықтыру пәнін жақсы көреді, болашақта футболшы болсам деп армандайды

Бір бүйрегі жоқ бала. Редакциямызға көмек сұрай келген Юнусовтар отбасында ерекше жағдай орын алды. Ерекшелігі сол, бұл отбасының 11 жасар мүшесі осы күнге дейін жалғыз бүйрекпен өмір сүріп келген. Бір қызығы бала ағзасындағы ауытқушылықты дәрігер-педиатр да, анасы да білмеген. Ал бала бүгінде мүгедектер қатарында.

Елмұраттың дерті ақпанда асқыныпты. 11-жастағы баланың денесі бөртіп, ыстығы көтеріледі. Аяқ-қолы қалтырап, есінен танады. Содан бері балпақтай баланы қарамаған дәрігер жоқ. Ата-анасы емханадан емханаға сабылып жүріп, аллергологқа да, дәрігер-инфекционистке де, ревматологқа да қаратыпты. Шынашақтай балаға шипа тапқан ешкім болмады. Ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Соңғы диагноз- созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Бауыр еті баласының туылғанынан бір бүйрегі жоқ екендігін енді естіген ананың төбесін жай ұрғаны анық. 10 жылдан бері сыр бермеген сырқаты үшін кімді кінәларын да білмейді. Сүт кенжесінің дәрменсіз күйін көріп күйінеді-ақ.

Ата-ананың еңсесін басқан анықтаманы облыстық аурухананың дәрігер-нефрологы Татьяна Валентиновна берген. Қазір оның қарауында Елмұрат секілді 6 бала бар. Барлығы да бүйрек ауыстыруға кезекте тұр.

Татьяна ЗОБОНОВА, ОБА ның нефрологы: «Осыншама жасқа келіп, баланың анемия екендігін байқамау мүмкін еемес. Оның үстіне әрдайым артериалды қан қысымы өлшенбейді. Ал бүйрек жан айқайға салғанда қан қысымы көтеріледі. Осыларға қарап педиатр ертерек балаланың бүйрегінің ауыратынын байқауына болар еді. Бірақ мен кінәні дәрігерге артып отырғаным жоқ. Күні бойы бала ата-ананың көз алдында жүреді. Баласының бозарып, астан бас тартып, көп ұйықтап жүргеніне анасы мән бермеген. Жақсы оқитын балам мектептегі сабағынан шаршап жүр ме деп ойладым дейді».

Елмұратқа екінші бүйректің қашан орнатылатыны белгісіз. Белгілісі сол, ендігі жерде бала мемлекеттен бөлінген дәрі-дәрмекті қанағат етеді. Донорлыққа әкесі ұсыныс беріпті. Қазір бұл мүмкіндіктің қаншалықты жүзеге асатындығы сарапталуда.

Юнусовтер енді жергілікті дәрігерлерге сенбейді. Жоспарлы отаны шетелде жасатсақ деген ойлары бар. Қолды байлайтын тек қаражат. Жомарт жандар қол ұшын созса деген жалғыз тілегі бар. Бүйрексіз балағы үлкен жүректі азаматтар қол созса деген тілекпен күн кешіп жүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Zci2DCaPEO4[/youtube]