Демалыс аймағының құрылысы қараша айына дейін бітуі тиіс
Демалыс аймағының құрылысы қараша айына дейін бітуі тиіс
Демалыс аймағының құрылысы қараша айына дейін бітуі тиіс

Бадам өзенінің бойынан салынып жатқан демалыс аймағының құрылысы кешеуілдеуі мүмкін. Екі күн жауған нөсер құрылыс жұмысын тоқтатуға мәжбүрледі. Қазір мұнда еңбегін өндіре алмаған мердігерлер жүр. Осы күнге дейін жүргізілген құрылысты жаңбыр шайып кетті.

Міне, апаттан кейінгі ахуал. Жұмысшылар өзен арнасын қиыршық тастармен және бетон қалдықтарымен бекітіп жүр. Жуырда ғана Бадам жағалауын жасақтап, бес күн бойына өткел салынған-ды. Амал нешік, арнасынан асқан су бүкіл істі бірнеше сағатта-ақ еш етті. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген тұрғындардың өзі аң-таң.

Қазір демалыс аймағында құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Мердігер мекемедегі бас инженерді уайымы жалғыз. Тағы жаңбыр жаумаса екен дейді. Әйтпесе, қолдан тұрғызған қоршау ағын судың екпініне шыдас бермеуі мүмкін. Бадам барына салса, арнасынан асып кетеді деп қауіптенеді.

Уәлихан КӘРІМОВ, мердігер мекеменің инженері: «Шығын көлемі айтарлықтай. Әзірге бірақ нақты сома көлемін анықтап біткеніміз жоқ. Жұмыстарды кесте бойынша бастаған болатынбыз. Өкінішке орай, жауын еңсемізді түсіріп жіберді. Екі күндік нөсерден бір ғана бекет құламай әзер шыдап тұр».

Жұмысшылар су деңгейінің төмендеуін күтіп жүр. Жаңбыр тоқтамаса, жұмыс та жалғаспайды. Бұл дегені, демалыс аймағының құрылысы кешігуі мүмкін. Ал жоба қараша айына дейін толық аяқталып пайдалануға берілуі тиіс.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LAn-_2gEvcA[/youtube]