Электр қуатын үнемдеуде мемлекет қолдауы қажет

292
электр қуаты бүгінде алқалы жиындардың тартысты тақырыбына айналды
электр қуаты бүгінде алқалы жиындардың тартысты тақырыбына айналды
электр қуаты бүгінде алқалы жиындардың тартысты тақырыбына айналды

Энергия тапшылығының алдын алу бүгінде әлем халықтарының ойын — онға, санасын — санға бөліп тұр. Тығырықтан шығар жалғыз жол — қуат көздерін үнемдеу. «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалында өткен алқалы жиын осы тақырыпқа арналды. «Ақжолдықтар» халықты үнемшілдікке бастау үшін алдымен мемлекеттен қолдау қажет деп есептейді.

Бүгінде куат көзін үнемдеп үйренуге халықтың ғана емес тіпті сала мамандарының да өресі жетпей отыр. Есептеуіш құралдарын тексере келген бақылаушылардың қуат көзін аз тұтынған тұтынушыларға күдікпен қарайтыны бар. Сондықтан, бұл тұрғыда энергетиктердің сауатын ашып алу қажет дейді ақжолдықтар. Күн көсемінің көзіндей болған Ильич шамының да дәурені өтіп барады. Ал оның орнын басатын қуат көзін үнемдеуге мүмкіндік беретін заманауи шамдардың бағасы шарықтап тұр. Тұтынушылар құқын қорғаушылар алдымен тауардың бағасын төмендетіп алған жөн деп санайды. Тұтынушылар қоғамдық бірлесітігінің төрағасы Бегім Төлентаев, нарықтағы бағаны құзырлы мекемелер назарда ұстауы тиіс деген ой тастады.

Үнемдеу саясаты бүгінде тек сөз жүзінде ғана іске асып отыр. Нақты іске көшетін уақыт жетті. Жеке үйрелерге желден, күннен, судан электр өндіретін құралдарды орнатып, баламалы көздерді әжетке жарататын кез келді. Ол үшін мемлекет тарапынан жеңілдіктер қаралуы қажет. «Ақ жол » ДП ОҚО филиалы төрағасы Анарбек Орман әрбір тұрғын үйге әлгіндей құрылғыларды орнату үшін жұмсалатын қаржының 50 пайызын мемлекет мойнына алу қажет деп санайды. Ақжолдықтар енді осы ұсыныстарын үкіметке жолдамақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7vqIsEUAt-8[/youtube]