Ордабасы ауданының Ұландары өздерінің топтық әндерін айтуда
Жас Ұлан 2013 маусымы
Жас Ұлан 2013 маусымы

Ұланымыз ұлы елдің! Облыс әкімінің қолдауымен тұңғыш рет біртұтас «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыс оқушылары арасында ұйымдастырылған слеті осылай аталады. Бұл шараға барлық қала, аудандардан үздік оқитын және дарынды 10 оқушыдан құралған шығармашылық топтар қатысады.

Жас Ұланшылар сапта тұрып дайындалуда
Жас Ұланшылар сапта тұрып дайындалуда

«Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» 2 буыннан тұрады. Аға буын — «Жас ұлан» қатарына 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер, кіші буын — «Жас қыран» қатарына 6-9 жас аралығындағы балалар қабылданады.

Мақтарал ауданының Жас ұландарына тек қана жеңіс керек
Мақтарал ауданының Жас ұландарына тек қана жеңіс керек
Слет Әл Фараби алаңында өтті
Слет Әл Фараби алаңында өтті
15 Мамыр 2013 жыл Шымкент қаласы
15 Мамыр 2013 жыл Шымкент қаласы
Ордабасы ауданының Ұландары өздерінің топтық әндерін айтуда
Ордабасы ауданының Ұландары өздерінің топтық әндерін айтуда

Іс-шараның басты мақсаты-Отанға деген құрметті арттыру, мектептердегі шығармашылық ұжым мен өскелең ұрпақты мәдени, жалпы ұлтжандылық тұрғыда тәрбиелеу, балалар мен жастар арасында шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру, оқушылардың туған еліне, жеріне деген сезімін ояту, патриоттық тәрбиеге баулу.

Ұланымыз ұлы елдің!
Ұланымыз ұлы елдің!

Слет «Мен-елімнің патриотты ұрпағымын!» атты шеру-сайыспен басталып,»Өнер дегеніміз біз» тақырыбында үгіт-плакаттарын дайындау және топтық ән жарыстарымен жалғасты. Слет қорытындысы бойынша жүлдегер шығармашылық топтарға облыстық білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.