Төмендеткіш трансформатор арқылы электр энергиясын үнемдеу. Инновациялық жобалар көрмесінде ерекшеленген туындының авторы Әсет Абдуллаев. Түлкібас ауданының тумасы еліміздегі электр энергиясын үнемдеудің жолдарын ұсынып отыр. Бірінші болып, оңтүстікте оң жолға қойылған жылыжайда 250 вольттық электр көзін 12 вольтқа ауыстыруды ұсыныпты.
Әсет Абдуллаев, жоба авторы: «Жылыжайдың ішін көбінесе ылғалды болып келеді. Оның ішінен 220 вольттың тоқ жүрген кезде адам өміріне қауіпті болып келеді. Ал 12 вольт адам өміріне қауіпсіз болып келеді. Тиімділігі-ол тоқты аз жейді. Үш сағатта 1 кВат жейді».
Жастар инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Жас ғалымдар мен өнертапқыштар еліміздің инновациялық дамуына үлес қосып, ұсынған жобалары арқылы мерейімізді асырмақ. «Шымкент-инновация» ЖШС-нің ұйымдастырумен өткен көрмеге осыдан екі апта бұрын қатысқан 53 жобаның 12-сі үздік деп танылып, бүгін марапатталды.
Үздік деп танылған 12 жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржыландыруға ұсынылатын болады. Егер жобалар мақұлданса, 3 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Қаржыландырудан кейін жоспар халық игілігі үшін жүзеге асырылатын болады.
Абзал Дәрібаев, «Шымкент инновация» ЖШС-ның директоры: «Осы жобалармен ары қарай тығыз жұмыс істей береміз. Бір айдың ішінде инновациялық гранттар отырысы болады. Сол отырысқа қажет барлық құжаттарды оқушылармен тығыз жұмыс істеп, дайындап, комиссияға шығарамыз «.
Ал Әсеттің жетекшісі, қалайда идеясын жүзеге асыру үшін барын салатындығын жасырмады.
Әбілсейт Базаров, жоба авторының жетекшісі: «Проектіні қаржыландыру үшін барымызды саламыз. Тағы да дайындалып, жылыжайдан басқа, моншаларда қолдансақ деген жоспарда бар. Ол үшін тыңғылықты дайындық керек».
Облыс жастарына нииовациялық жобаларын іске асыру үшін қолдау көрсетуде «Шымкент инновация» мекемесі аянып қалмасы анық. Енді олар бизнес жоспарлаудың әлеуетті инноваторларының құжатын дайындауға кірісіп кетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qBEjhDjrKSg[/youtube]