Көп балалы аналарға кеңес берілді

Жиналғандардың арасында баласын сабаққа жібергенне гөрі базарға барып, өзіне көмектескенін қалайтындар да табылды
Рахима Саипова қайта оқып, жаңа кәсіп меңгермек
Рахима Саипова қайта оқып, жаңа кәсіп меңгермек

Көпбалалы аналардың қордаланған сауалдарына «Ару-Аналар» қоғамдық бірлестігі мен Еңбекші аудандық әкімдігінің қызметкерлері жауап берді. Отбасы күніне арнаған семинар-тренингте 50 ана өз проблемаларын шешу жолдарын қарастырды. Ал оларды толғандыратын мәселе аз емес екен.

Мәселен, 6 баланың анасы Рахима Сайпова тегін ауыстырып, күміс алқаға қол жеткізуде бірқатар қиындыққа тап болған. 5 айлық баласын үйге тастап бүгін келіншек жиналысқа келуді де жөн көріпті. Ол жаңа мамандық игеріп, жұмысқа тұруды көздейді. Өйткені бір жәрдемақы күнкөріске әзер жетеді.

 

 

Жиналғандардың арасында баласын сабаққа жібергенне гөрі базарға барып, өзіне көмектескенін қалайтындар да табылды
Жиналғандардың арасында баласын сабаққа жібергенне гөрі базарға барып, өзіне көмектескенін қалайтындар да табылды

Ал жұбайы қайтыс болған соң, 5 баламен жесір қалған Дабер Күнсұлу жалдамалы пәтер алу кезегіне тұрғанымен, ауылдық есептен балалары шықпаған екен. Содан баспана алу мүмкінідігінен қағылған. Енді Күнсұлу «Ару-Аналар» қоғамдық бірлестігінен көмек күтеді.

Күнсұлу Дабер, көп балалы ана: «Күйеуім қайтыс болған соң, абысындарым осында бар. Жұмыс табуға, балаларыңа көмектебседі деді. Қазір мектепте еден жуамын. Кішкентайым 6-сынып оқушысы. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз. Ал мемлекет тарапынан берілетін жалдамалы пәтерге құжаттарымды жөндей алмай жүрмін».

Сонымен қатар, ақ жаулықты аналарға жұмыс табу үшін жаңа кәсіпті меңгеру, жәрдемақы алу, тегін демалысқа бару жолдары жайлы кеңестер берілді.