Бесобадағы қайғылы жағдай Шымкентте де қайталануы мүмкін! «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары осылай деп қауіптеніп отыр.
Осы ауданда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үш бірдей жаңа үйдің тұрғындары баспаналарын толық жөндеуді талап етуде. Оған қоса шенеуніктерден пәтерлеріне табиғи газды қосуды және лифтті іске қосуды сұранады. Ал, ең бастысы, тұрғындар бір күні үйіміз құламаса деп қауіптенеді.
«Көшіп келгенімізге әлі бір жыл да болған жоқ, ал үйіміздің түрі мынау! — деп ашынады Асылбек Ахметов есімді тұрғын. — Бір жылдан кейін не боларын білмейміз. Қарағандағыдай, Бесобадағы жағдай біздің басымызға түспесін деп ойлаймыз!»
«Нұрсәттегі» бұл үш үйдің тұрғындары жарты жыл бұрын қоныс тойын тойлап, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізгендерін айтады. Қазір мұндағы үйлердің жертөлелеріне су толған, жоғарғы қабаттағы пәтерлердің төбесінен су ағады.
Кейбір пәтерлердің төбесі көгерген. Төбеден жаңбыр мен еріген қар суының сорғалап ағуының соңы осыған әкеп соқтырып отыр.
Ал жергілікті жауапты мамандар үйге байланысты ешқандай проблема туындамайды деп сендіріп отыр.
«Бесобадағы жағдай бізде қайталануы мүмкін бе?» деген тілшілердің сұрағына Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Бақытжан Егізбаев «жоқ» деп жауап берді. — Артмердігерлік мекеменің осы үйдің сапасына берген екі жылдық кепілдігі бар.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TFjsxnFhn3s[/youtube]