Елімізде 5 млн.нан астам жас бар
Елімізде 5 млн.нан астам жас бар
Елімізде 5 млн.нан астам жас бар

Мемлекеттік қызметкерлердің ісін дамыту үшін оларға қаржылай қолдаулар қажет. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің облысымызда өтіп жатқан XV көшпелі отырысында Шымкенттегі жас мемлекеттік қызметкерлер осылай деді.

Жиында сөз алған түрлі саланың қызметкерлері Астанадан келген қос қонаққа ә дегеннен-ақ ұсыныс-пікірін жаудырды. Бірі өскелең ұрпақ үшін кәсіпкерлік мектебін ашайық десе, екіншісі мамандық таңдау орталығын құруды ұсынды. Енді бірі қолда бар қызметкерді сапалы ету үшін арнайы стипендия бөлінсін десті.

Шенеунік сапалы болу үшін өзге облыстарға жіберіліп, тәжірибе алмасуы қажет. Бұл осындағы бір мемлекеттік қызметкердің ұсынысы. Ал жиында сөз болған сұрақтың үлкені – оқуды жаңа бітірген жастың жұмысқа орналасу машақаты еді.

Бұдан былай елімізде әйел азаматтары зейнеткерлікке 63 жасында шығар болса, жастардың жұмыссыз сенделуіне тағы себеп осы болмақ. Жиында осы ой да шет қалмады. Сондай-ақ, кездесуде жастарды кітапқа баулу проблемасы да айтылды. Ол үшін интернет кабинеттерін ашу ләзім десті жас шенділер.

Бес облыстағы мәселелер де өте ұқсас. Сондықтан оның шешу жолын бірге қарауымыз қажет. Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 15-ші көшпелі отырысының қорытындысы бойынша осындай түйін жасалды. Атап айтар болсақ, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстікте де кейінгі толқынды жұмыспен қамту, жатақхана, қалаберді баспанамен жарылқау ісіне көп көңіл бөлу керек. Әсіресе, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тастандыларға көмек қолын созайық десті жиылғандар. Келтірілген дәйекке сүйенсек, қазақстанда жыл сайын 10 мың бала тастанды атанады екен. Еліміздегі 17 млн.ға да жетпейтін азаматтардың үлесіне шақсақ бұл өте сұмдық көрсеткіш екеніін ішіңіз де сезіп отқан болар…

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GSZZzbRGChE[/youtube]