Шымкентте Серік Әбденовтың серігі табылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бастамасын қолдаушылары бар екен. Оңтүстік Қазақастан педагогикалық институтының ректоры да, әйелдердің 58 жаста зейнеткерлікке шығуын қолдамайды. Зейнетке немере бағу үшін шығуды өз есебінде қате деп есептейтін Оңалбай Аяшев, жұмысбасты болып қартаюды ұсынды.
Педагогтар бұл үлкен жиынды француз сенаторы Эмери де Монтескьюдын келуінің құрметіне ұйымдастырыпты. Шетелдік қонақ Шымкентке ЖОО-ындарымен танысуға арнайы келген. Зиялылар кездесу барысында Франция, Еуропа төңірегінде көп тақырыптың басын шалды. Бірақ жиын барысы залда қойылған сұрақтан кейін өзгеріп сала берді.
Залдан түскен сұрақтың мәтіні: «Францияда әйелдер мен ерлер неше жасында зейнетке шығады?»
Аудармашы: «Оның айтуынша, бір-ақ ұлы бар. Сондықтан зейнет жасы туралы әлі күнге дейін ойланбапты. Десе де әр жылы француздардың зейнетке шығу жасы 3 айға артып отырады».
Расында, Францияда да ерлер мен әйелдер бір жаста, яғни 62 жасында зейнеткерлікке шығады екен. Шетелдік қонақтың айтуынша, мұндай шешімджі осыдан екі жыл бұрын қабылдапты.
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының ректоры әңгімеге араласа кетіп, зейнет жасын реформалау туралы заңды қолдайтындығын бірден жеткізді. Оның ойынша, Қазақстанның әйелдері 63 жасында зейнетке шығуы дұрыс екен. Өйткені АҚШ та 65-те, Еуропа да-97 де шығады деп мысалын да келтіре кетті.
Оңалбай Аяшев, ОҚПИ ректоры: «Қытайдың өзінде 65 жасында зейнетке шығады. Сондықтан, зейнетке шығу жасының ұлғайғанына қуануымыз керек. Жарайды, зейнетке шықтыңыз дейік, ертең апарады да қызыңыз, не ұлыңыз баласын бақтырып қояды. Соны армандап па едіңіздер?»
Өз ойын ашық білдіріп алған Аяшев, тақырыптан ауытқып кеткенін бірден сезініп, қонақтың көзінше ішкі мәселені талқылауға болмайтынын қол астындағыларына байыппен түсіндірді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=r8jsbJY17L0[/youtube]