Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Келімсек — 2013» операциясы өтіп жатыр. Таяуда көші-қон полицейлері Жетісайға рейдке шықты. Себебі, Мақтаарал ауданы шекараға жақын болғандықтан, онда шетелдіктер жиі келеді. Бұған тексеруге шыққан тәртіп сақшылары кезекті рет көз жеткізді.
Шетелдіктердің көбісі құрылыста жүр. Мысалы, Жетісайда тойхана және жекеменшік балабақша салып жатқан өзбекстандықтар анықталған. Әдеттегідей, олардың құжаттары қожайындарында, жұмыс істеуге рұқсаттары да жоқ. Олардың барлығы да аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Шлакоблок құятын цехта та бір топ келімсек жүр. Айтуларынша, айына 30 мың теңге шамасында жалақы алады.
Учаскенің бригадирі бір бума құжаттар әкелді. Онда жұмысшылардың жалақысы мен жатын орны, жұмыс күнінің ұзақтығы секілді мәселелер қамтылған келісім-шарт та бар. Алайда, шетелдің жұмыс күшін пайдалану үшін квота қажет.
Тек құрылыста ғана емес, егіс алқабында да жұмыс істеп жүрген өзбекстандықтар табылды бүгінгі рейдте. Нәтижесінде ұзын-саны 23 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалды. Енді олардың кейбірі Қазақстанның аумағынан тысқары шығарылуы да мүмкін.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=T_Us2Jd-GWY[/youtube]