Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен мемлекетке 1 млрд. теңге көлемінде шығын келтірілген. Қаржы полициясы оның 700 млн. теңгеден астамын өндіріп үлгеріпті. Биылғы жылдың өзінде 100-ге жуық жемқорлық санатымен қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде бюджеттік қаржыны ысырап еткендер мен мемлекеттік «Сыбаға», «Ақбұлақ», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының қаржысына да қол сұққандар бар. Бұл туралы қаржы полициясында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Оңтүстікте сыбайлас жемқорлардың көшін білім беру саласының мамандары бастап тұр. Бес айдың өзінде 18 қылмыстық іс қозғалған. Ең соңғы оқиға Түркістан қаласындағы Достық мектебінде орын алыпты. Сондай-ақ жемқорлардың санатына құқық қорғау органдарының да қызметкерлерін жатқызуға болады дейді департамент бастығының орынбасары.
Батырбек Отыншиев, ОҚО бойынша ЭСЖКД басшысының орынбасары: «Көбінесе, сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар білім беру саласындағы қызметкерлермен жасалады, 18 іс қозғалған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері бойынша 17 іс қозғалса, өзін-өзі басқару бойынша 60 қылмыстық іс қозғалған. Ал ауылшаруашылық саласында 16 іс және басқа мемлекеттік, әкімшілік қызметкерлері тарапынан да орын алған».
Жыл басынан бері 180 экономикалық қылмыс анықталған. Оның басым бөлігі алаятық дерегі. Сонымен бірге, оған қызметін асыра пайдаланған жол сақшыларын тағы қосыңыз.
Өңірде заңсыз ойын бизнесі де тыйылмай отыр. Былтыр осы санатта 41 қылмыстық іс қозғалса, биыл оның көрсеткіші екі есеге артқан. Нәтижесінде 888 ойын автоматтары, 3 электронды рулетка, 2 покерлік үстел, 675 ойын фишкалары мен 130 мың ақша қаражаты өндірілген.
Сондай-ақ, департамент қызметкерлерімен жалған және әдейі банкроттық 6 дерегі анықталыпты. Барлық қылмыстық істермен келтірілген залалдың сомасы 1,6 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың басынан «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы саласында 5 қылмыс анықталып, екеуі сыбайлас жемқорлық істер санатына жатқызылған. Анықталған залал сомасы 137 млн. теңгеден асады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Есептік мерзімде департамент қызметкерлерімен «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, мемлекетке келтірілген залал сомасы 1,5 млн. теңгені құраған.
Ал «Бизанес жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы өңірімізде 97 млрд. теңгеден астам бағалы 256 жоба келісім алып, 7,36 млрд. теңгеге мемлекеттік көмек көрсетіліп, 3766 кәсіпкер оқытылған. Сонымен бірге, «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1 қылмыстық іс қозғалыпты.
Айта өтейік,жыл басынан бері қаржы полициясына 1000-нан астаи арыз-шағым келіп түскен, олардың 30-дан астамы ұжымдық арыз.
Егер сіз, қандай да бір сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болсаңыз, қаржы полициясының «144» сенім телефонына хабралассаңыз болады. Ішкі қауіпсіздік бөлімінің нөмері 53-44-97 .
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Eefshzv23h0[/youtube]