Неміс фашистерінің қолымен жасалған, миллиондаған тұтқындардың әсіресе еврейлердің өліміне себепші болған Освенцим концлагері туралы білмейтін адам кемде-кем шығар. Көптеген жылдар бойы әлем жұртшылығы Освенцимді адамдарды қинап өлтірудің ең қорқынышты орталығы деп білетін. Дегенмен соңғы жылдары лагерьдің осынау қорқынышты атағы шынайы деректермен сәйкес келмейтіні анықталып отыр.
Төрт миллион адам құрбан болған ба?
Бір қызығы, жыл өткен сайын көптеген тарихшылар мен инженерлер Освенцимнің барлығымызға белгілі тарихымен келсіпеуде. Дегенмен, бұл еврейлердің лагерьге әкелініп, осы жерде айуандықпен өлтірілгенін жоққа шығару емес. Тиісінше, біразының бит арқылы тарайтын бөртпе-сүзектен қайтыс болғанын алға тартады. Сондай-ақ, кейбір келтірген деректері мен дәлелдері Освенцимнің өлім орталығы болғанын, газ камераларындағы адам шошырлық жаппай улап өлтіру оқиғаларының жалған екенін көрсетіп отыр.
Соғыстан кейін өткен Нюрнберг трибуналында Одақтастар Освенцим лагерінде немістердің 4 миллион адамды қинап өлтіргенін нақтылайды. Кеңестік коммунистердің жасап шығарған бұл есебі көптеген жылдар бойына қалтқысыз шындық ретінде есептелінді. Американдық беделді басылымдар Освенцим туралы сөз қозғағанда осы цифрды міндетті түрде келтіріп отырған.
Освенцим туралы не білеміз?
Освенцим лагерьлер жүйесі 1940 жылы Польшаның оңтүстігінде салынған. 1942 жылдан 1944 жылдың орта шеніне дейін мұнда мыңдаған еврей күштеп қоныстандырылған. Басты лагерь – «Освенцим-І» деп аталса, Биркенау немесе «Освенцим-ІІ» басты өлім орталығы болыпты. Ал, Моновиц және «Освенцим-ІІІ» көмірден жанармай шығаратын ірі өнеркәсіп орталығы-тын. Одан бөлек әскери экономикаға жұмыс істейтін, жапсарлас жатқан ондаған шағын лагерьлер болған.
Десек те бүгінгі таңда танымал тарихшылар бұл дәйекпен келіспеуде. Мәселен, 1989 жылы холокоста тарихын зерттеуші Израиль тарихшысы Егуда Бауэр 4 миллион деген цифрдың миф екенін мойындайтын уақыт жетті деп мәлімдеген. 1990 жылдың шілде айында Освенцим Мемлекеттік музейі Яд-Ваш Израиль холокоста орталығымен бірге күтпеген жерден концлагерьде еврейі бар басқасы бар жалпы саны 1 млн ғана адам өлгенін мәлімдейді. Дегенмен бұл мекемелердің ешқайсысы осы 1 млн адамның газ камераларында жобамен қаншасы уланып өлтірілгенін айтпаған.
Белгілі холокоста тарихшысы Джеральд Рейтлингер Освенцимде ары кетсе 700 мың еврей өлген деп есептейді. Таяуда тағы бір осындай зерттеуші Жан-Клод Прессак Освенцимде 800 мың адамның өлгенін, соның ішінде еврейлер 630 мың болған деген мәлімдеме жасады. Әйткенмен, азайтуға құрылған мұндай есептер де нақты емес дейді білетіндер. Бұл – Освенцим тарихының уақыт өте келе ауқымды өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді.
Бір кездері Освенцимде еврейлер жүйелі түрде электр тоғымен өлтіріліп келген делінді. Осы сияқты бірталай оқиғалар туралы әңгіме соғыстан кейінгі жылдары желдей ескен. Американдық газеттер Освенцимде болған кеңестік куәгердің баяндауы бойынша 1945 жылдың ақпан айында өз оқырмандарына немістер еврейлерді өлтіру үшін электрлі конвейерлерді пайдаланғандығы туралы ақпарат таратады. Адам өлтірудің бұл тәсілі бойынша жүздеген адамды бір сәтте тоқ ұрғызып өлтіріп, содан соң алаңсыз пештерге тасуға болады екен. Өртенгеннен кейінгі адам күлін фашистер жақын маңдағы орамжапырақ өсіретін егістікке тыңайтқыш ретінде пайдаланатын болса керек.
Бұдан бөлек Нюрнберг трибуналында АҚШ тарапының басты айыптаушысы Роберт Джексон немістер 20 мың еврейді бір пәсте жоқ қылып, ізін де қалдырмайтын су жаңа құрылғыны пайдаланғанын айтады.
Бүгінде бірде-бір тарихшы мұндай ойдан құрастырылған, құлаққа кірмейтін оқиғаларға сенбейді.
Гесстің «мойындауы»
Холокоста тарихына қатысты ең негізгі құжат ретінде 1946 жылы сәуір айының 6-сы күні Нюрнберг процесінде айыпталған Освенцимнің коменданты Рудольф Гесстің «мойындауы» болып саналады. Әлі күнге дейін осы «мойындау» Освенцимнің өлім лагері болғанын айқындап келеді. Дегенмен зерттеушілер Гесстің бұл мойындауы ұрып-соғудың арқасында алынған, яғни, өтірік мойындау деген пікірде.
Соғыс біткен соң көп жылдардан кейін ағылшын әскери барлау қызметінің офицері Бернард Кларк өзінен бөлек 5 ағылшын сарбазымен бірге бұрынғы коменданттың «мойындауын» талап етіп, қалай қинағандарын айтып беріпті. Осыдан кейін трибуналда Рудольф Гесс өзінің 2.5 млн еврейдің өліміне қатысының бар екенін мойындайды. Осылайша фашизмді, нацизмді қаралап көрсету үшін одақтастар күш қолдана отырып коменданттың өтірік мойындауына қол жеткізген көрінеді.
Гесстің мойындауларының өтірік екенін мынадан да білуге болады екен. Оның айтуынша еврейлерді газ арқылы өлтіру 1941 жылы Бельзек, Треблинка және Вользек деп аталатын басқа үш лагерьде де жүргізіліпті. Ал шындығында «Вользек» дейтін лагерьдің болғандығы холокостаға қатысты ешбір шығармада кездеспеген. Зерттеушілер еврейлерді газ камераларында өлтіру Освенцимде басталғанын, ал Треблинка мен Бельзекте тек 1942 жылы басталғанын айтады.
Жұмыс істеуге жарамсыз тұтқындар
Немістердің жұмыс істеуге жарамайтын жасөспірімдерді, ауруларды, әлсіз және қарт еврейлерді лагерьге келген бойда газбен улап өлтіріп, уақытша тірі қалдырылғандарды өлгенше жұмысқа жеккені туралы жұрттың бәрі біледі. Десек те көптеген дәлелдемелер еврейлердің басым көпшілігі жұмысқа жарамсыз болғанын, сосын олардың түгел өлтірілмегенін көрсетеді. Мәселен, СС-тің Бас экономикалық және әкімшілік басқармасына қарасты еңбек ресурстары бөлімі бастығының 1943 жылғы қыркүйектің 4-і күнгі телеграммасында Освенцимде қамауда отырған 25 мың еврейдің 3581-і ғана жұмыс істеуге жарамды, қалған 21500 немесе 86 %-ы жарамсыз деп көрсетіліпті.
Сондай-ақ бұл деректің шынайылығы 1944 жылы СС конц-лагерлер жүйесінің басшысы Освальд Полдың СС басшысы Генрих Гиммлерге жасаған құпия баяндамасынан да байқалады. О.Полдың баяндауы бойынша, Освенцимдегі барлық лагерьлерде 67 мың тұтқын болса, соның 18 мыңы ауруханаға жатқызылған немесе жұмыс істеуге жарамсыз деп танылған. Ал енді басты өлтіру орталығы Освенцим ІІ-де басым көпшілігі әйелдер болып табылатын 36 мың тұтқын болса соның 15 мыңға жуығы еңбек етуге жарамсыз болған. Бұл екі құжат та Освенцимдегі біз білетін деректердің шындыққа біраз сәйкес келмейтінін көрсетеді.
Тағы бір деректерге сенсек, Освенцим-Биркенауда ең алдымен еңбек етуге қауқарсыз еврейлер мен ауру-сырқау, қарт және басқа лагерлерге жөнелтілетіндер қамауда отырған. Мұндай қорытындымен АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің ғалымы Артур Бутц та келіседі. Оның мәлімдеуінше, аталмыш лагерьде өлім-жітімнің тым артып кетуі мұндағы ауру еврейлердің көп болуына байланысты.
Принстон университетінің профессоры, еврей Арно Майер өзінің холокостаға қатысты жаңа кітабында Освенцим лагерінде еврейлер әдейі жазалап өлтірулерге қарағанда бөртпе-сүзектің кесірі мен табиғи өлімдерден көбірек өлген деп жазады.
Тірі қалғандардың айтуынша…
Тұтқында болғандардың көпшілігі Освенцимдегі жаппай қыру оқиғаларын өз көзімен көрмегендерін айтады. Мысалы, австриялық Мария Фанхерваарден 1988 жылдың наурыз айында Канаданың Торонто қалалық сотында Освенцимдегі көргендерін тәптіштеп баяндап берген. Ол Освенцим-Биркенауға 1942 жылы түсіпті. Лагерьге әкеле жатқанда бір сыған әйелі Освенцимге барған соң бәрімізді газбен улап өлтіреді десе керек. Келгеннен соң неміс қарауылдары Мария мен басқа да әйелдерге шешініп, бетоннан жасалған терезесі жоқ кең бөлмеге кіріп жуыныңдар деп бұйрық береді. Зәресі қашқан әйелдер қазір газбен улап өлтіреді екен деп ойлапты. Бірақ газдың орнына су шашыраған.
Десе де, Мария Освенцимнің курорт болмағанын айтады. Ол тұтқында жатқандардың көпшілігінің ауырып қайтыс болғанының, кейбірінің өзіне қол салғанының куәсі болған. Бірақ Мария фашистердің жаппай өлтіру, газбен улаудың немесе басқа да бір қырып-жою жоспарларының ізін де көрмепті.
Марика Франк есімді еврей қызы болса Освенцим-Биркенауға 1944 жылдың шілдесінде келіп түскен. Көптеген жылдар бойғы түсінік бойынша дәл сол кездері күн сайын 25000 еврей газбен тұншықтырылып, денесі пеште жанып жататын. Марика да соғыстан кейін берген түсініктемесінде өзінің Освенцимде жүрген кезінде «газ камераларын» көрмегенін, тіпті ол жайында естімегенін айтады. Ол «газ камералары» туралы кейін естіген.
Освенцимдік тұтқындар лагерьде отыру уақыты біткен кезде бостандыққа жіберіліп, өздерінің туған елдеріне қайтарылған көрінеді. Егер Освенцим шынымен де адамдарды қырып жоюдың құпия орталығы болса немістер тұтқындарды неге жіберген?!
Гиммлер өлім көрсеткішін азайтуды бұйырады
Тұтқында отырғандар арасында өлімнің (әсіресе бит арқылы тарайтын бөртпе-сүзек ауруынан) көбейіп кеткеніне байланысты лагерьлерге жауапты неміс басшылығы ауру түрлерімен күресу үшін қатаң шаралар жасаған.
СС лагерьлерінің басқарма басшысы 1942 жылы желтоқсанның 28-де Освенцим және басқа да концлагерьлерге директива жолдайды. Директивада тұтқындар арасындағы өлім көрсеткішінің тым жоғарылап кеткені қатаң сыналып, лагерь дәрігерлері қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, өлім-жітімді азайтуға күш салсын деген жарлық беріледі. Сонымен бірге, директива бойынша лагерь дәрігерлері тұтқындардың ас-ауқатын тексеріп, коменданттарға барлық жағдайды баяндап, ұсыныстар беріп, жұмыс орындары мен жатын орындардағы жағдайдың мейлінше ыңғайлы болуын қадағалап отырулары керек болған. Директиваның ең соңында СС Рейхсфюрері Генрих Гиммлердің өлім көрсеткіші барынша төмендетілсін деген бұйрығы болған.
Аэрофототүсірімдер
1979 жылы ЦРУ 1944 жылы әуе тыңшылығы кезінде Освенцим-Биркенаудың бірнеше күн бойы түсірілген суреттерін жариялайды. (Дәл сол уақытта болжам бойынша лагерьде күн сайын адамдар мыңдап өлтіріліп жатқан). Суреттерде тау боп үйіліп жатқан денелер, крематорилердің түтіні шыққан мұржалары, өлім сағатын күтіп, топ-топ боп тұрған еврейлер көрінбейді. Егер Освенцимге қатысты жантүршігерлік оқиғалар рас болса суреттерден адамдарды жаппай өлтіруге қатысты сәттер көрінуі керек еді.
Мәйіттерді өртеуге жауапты мамандар 1944 жылдың көктем жаз айларында осы күнге дейін айтылып жүргендей Освенцимде күн сайын мыңдаған мәйіттерді өртеу мүмкін болмағанын айтады. Мәселен Канаданың Калгари қаласындағы мәйітхана директоры Иван Лагас 1988 жылы концлагерьлерге қатысты өткен сот процесінде Освенцимдегі мәйіттерді жаппай өртеу оқиғалары техникалық жағынан мүмкін еместігін алға тартқан.
Әбден құлаққа сіңген әңгімелер бойынша 1944 жылдың жазында Освенцимде күн сайын 10 мың, тіпті 20 мың мәйіт арнайы пештерде өртелген делініп келді. Сот алдында ант берген Иван Лагас крематорилерге қатысты айтылған осы байламдардың барлығы негізсіз, мүлдем шындыққа сәйкес келмейді деп атап өткен екен.
Газ камералары…
Газ камералары жөніндегі Американың ең үздік мамандарының бірі инженер Фред Лохтер деген азамат Польшадағы газ камералары делініп жүрген объектілерді зерттеу барысында Освенцимдегі адамдарды жаппай газбен улап өлтіру оқиғаларының шындыққа үйлеспейтінін және техникалық тұрғыда бұл мүмкін болмағандығын алға тартады.
Ф.Лохтер Құрама Штаттарындағы өлім жазасына кесілген қылмыскерлерді жазалау үшін жасалған газ камераларының жобасын жасаушы әрі оның орнатушысы болып табылады. Мысал ретінде оның Миссури штатындағы түрмеге орнатқан газ камерасын айтуға болар еді.
Ол 1988 жылы Освенцим, Биркенау мен Майданекте толық немесе жартылай сақталып қалған «газ камераларына» тыңғылықты зерттеу жасаған. Торонтода өткен сот отырысында осы зерттеулерінің нәтижелерін толық баяндап береді. Зерттеу қорытындысы бойынша газ камералары адамдарды өлтіруге қолданылуы мүмкін болмаған. Мәселен газ камералары толық бітеліп, ішіне газ жіберіліп, адамдар өлген соң ол газды желдету жүйесі арқылы қайта сыртқа айдайтын болса лагерь қызметкерлері де уланып қалар еді дейді Лохтер.
Химик-зерттеуші, Дюпон корпорациясында 33 жыл қызмет еткен доктор Уильям Б. Линдси де 1985 жылы өткен сот отырысында Освенцимдегі тұтқындардың газбен улап өлтірілуін техникалық тұрғыда мүмкін еместігін айтады. Ол да жоғарыда айтылған концлагерьлерге барып, байыпты зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Және мынадай қорытындыға келген: «Немістер Цклон Б-ны (цианисты сутекті газ) қолдана отырып, газ камералары арқылы адамдарды жаппай өлтірмегендігін сенімді түрде айта аламын. Бұл мүлде мүмкін емес жағдай»
Түйін
Неміс фашизмінің адамзатқа жасаған қиянатын ешкім жоққа шығара қоймас. Дегенмен кейбір жағдайларда неміс басқыншыларына деген жеккөрушілік пен эмоцияны әдейі ушықтыра түсу жалған сөйлеуге, тарихты бұрмалап көрсетуге ұласып кететіні бар. Үшінші рейх адамдарды қаншалықты қатыгездікпен өлтірсе де олардың кейбір істемеген нәрсесін істегендей етіп, өтірік айту дұрыс емес секілді.
Тарихтың бұл парасы әлі де болса тыңғылықты зерттеу жасауға зәру. Егер Освенцим мен басқа да концлагерьлердегі еврейлер мен басқа да тұтқындар жүйелі түрде жаппай айуандықпен өлтірілмегені рас болса қазіргі замандағы ең үлкен мифтің бірі күл талқан болып қирады деп білеміз.
Дәурен ӘБДІРАМАНОВ