«Отан оттан да ыстық». Өңіріміздегі әзіл-ысқақ тетатрына осылай аталған қаламгер Нұрбақыт Байысбектің сазды –думан қойылымының премьерасы өтті. Алғаш рет сахналанған спектакльді біз де барып тамашалап қайттық.
Мектеп бітіру кеші. Жас түлектер дөңгелене білім ұясымен қоштасу вальсін билеп жүр. Соңғы қоңыраудың соғылғанына өздері де сенбейді. Осында өткен қызықты оқиғаларын еске түсіріп тауыса алмай әлек. Әне-міне дегенше осы мектеп бітіргендердің алды әскерге шақырту алады. Ал қойылымдағы аңғал жігіттің рөлін театр әртісі Сағи Биғабылов сомдады. Отан қорғаушылар сапында болуды армандаған бозбаланы шебер ойнаған ол өз өміріме ұқсастықтар кездесті дейді.
Сағи Биғабылов, әртіс: «Мен әскерге бармағанмын, оқу-шоқу дедік, артынша жұмыс басталды. Сөйтіп жүргенде үйлендім. Қазір екі балам бар. Ал екі баласы барларды әскерге қабылдамайды ғой қазір. Негізі әскерге баруға қатты қызығамын. Кішкентайымда да барғым келетін. Әйтеуір жол түспеді. Ал әскерді мен әскери киінген адамдар және қатал тәртіп, барлығын бір режимге түсірген сарбаздар деп елестетемін. Әрине, естиміз дегендей, жалпы әскер адамды жауапкершілікке, үлкен отансүйгіштікке үйретеді деп ойлаймын».
Қаламгер Нұрбақыт Байысбек еңбегінде қоғамдағы бейәрекеттері де сәтті әшкерелеген десті көрермен қауым. Шындықты шебер жеткізген комедиялық спектакль де отан қорғаушылардың өмірі ашық көрініс тапқан. Қызықты сәттермен боямасыз баяндалған туынды көпшілікті күлкіге қарқ қылды. Атпақшы, «Отан оттан да ыстық» еңбегінің қоюшы-режиссері Самат Алтаев.
Дәмір Қонысбекұлы, көрермен: «Өз басым риза болып отырмын. Себебі әзілмеееен астарлап тұрып шындықты жеткізіпті. Себебі дәл қазіргі уақытта комиссияға ақа беріп, болмаса таныс арқылы әскерге барушылар саны артты. Ол барған соң қиын болады. Алдымен денсаулықты ретке келтіріп болып барған дұрыс қой. Сонымен қоса егеменді ел болған соң, біз де отан қорғаушылар қатарын толықтыруымыз керек. Кейбіреулер тіпті әскерге барудан қашып жатады. Бұл дұрыс емес!»
Жақсылық Бимұратов, көрермен: «Осы спектакльді көріп, әскерге деген құлшынысым артты. Негізінде әскерге бару — ол әрбір жігіттің парызы ғой. Сол үшін мынадай қызықты спектакль ұсынып, баршаеың қызығушылығын оятқандары дұрыс. Әйтпесе арамызда әскерге шоышна қарайтындар да бар. Ал қойылым өте тамаша болды. Отанның оттан да ыстық екенін айта отырып, патриотық сезімге шақырады».
Отан қорғаушылар күніне арналған әзіл-шыны аралас қойылымға келгендер тәнті болып тарасты. Ал театр ұжымы алғаш рет сахналанған спектакль көпшіліктің көзаймымына айналатынына сенімді.