Еңбекші аудандық салық басқармасында облыстық салық департаменті басшысы Алтынсары Үмбетәлиевтің төрағалығымен өткен ашық есік күні болып өтті. Салықшылар мен кәсіпкерлердің кездесуінде өткен жиында басты тақырып ретінде РОS терминалдарын орнату мәселесі көтерілді.
Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, облыстық салық департаментінің басшысы: «POS терминалдары барлық шағын және орта бизнес субъектілерінде болуы міндетті. Мұның артықшылығы көп. Нақты есеп көлемі айқындалады. Теңгеден түсетін түсім де тура болады».
Бүгінгі таңда Шымкентте 299 пос-терминал орнатылған. Мұнан бөлек, тағы да 150 кәсіпкерлік құрылымы оны орнатуға тапсырыс бергендердің қатарында. Жиын барысында Атамекен одағының өкілі пос терминалдарды орнатуға байланысты шешілмей жатқан сұрақтарды да атап өтті.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап өңірдегі барлық кәсіпкерлерде пос-терминалдар орнатылған болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда бизнесмендерге 70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін әкімшілік айыппұлдар салынады.