Шымкент жастары ардагерлерге көмектесуде

1050
жастардың игі бастамасы
жастардың игі бастамасы

Шымкент қаласы Ішкі саясат бөлімінің жанынан ашылған «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жыл бойы көмектесіп тұратын болады.

жер аударуға көмектесіп жатыр
жер аударуға көмектесіп жатыр

Ержан Әлжанов, «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары: «Үстіміздегі жылы «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мейірімді топ» атты ерікті жастар тобын құрды. Дәл осы топ 9-мамыр мерекесі қарсаңында өзінің жұмысын бастап отыр. Бұл игі бастама жыл бойы жалғасын табады деп жоспарлап отырмыз».

жастардың игі бастамасы
жастардың игі бастамасы

Оның айтуынша, бүгінде топқа 60-қа жуық студент тартылыпты. Олар топ-топқа бөлініп, көмекке мұқтаж ардагерлерге қолғабыс көрсетіп, үйлерінде тазалық жұмыстарын жүргізуде.