Сот залынан

Шымкентте құдалар арасындағы қырғынға соңғы нүкте қойылды. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта екі әулеттің арасында болған жанжалға қатысты үкім оқылды.

Сот залынан
Сот залынан

Айта өтейік, құдалар арасындағы жанжал былтырғы Құрбан айт күні болған еді. Даудың басы неден шыққаны әлі күнге белгісіз. Белгілісі екі жақ дауласып, бір-біріне оқ жаудырып жіберген. Салдарынан 14 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізіліп, үш адам көз жұмған болатын. Кісі өлтірді деген айып екі адамға тағылды. Олардың бірі 17, екіншісі 16, ал үшіншісі 6 жылға сотталды.

Айыпталушылар
Айыпталушылар

Сот процесіне дейін екі жақтың дауы өзара бітпеген еді. Енді құдалар бір-бірін кешірген сыңайлы. Өйткені сот үкімі шыққан соң «ауыр жаза берілді» деп, тағы да мәжіліс залында шу шығарды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=e0NWQ2V0xho[/youtube]