Қылмыстық топтың көсемін құрықтау операциясына "Арлан" арнайы жасағының сарбаздары қатысқан

Шымкентте қылмыстық топтың көсемі тұтқындалды. 27 жастағы жігітке ішкі істер министрлігі бір жылдан бері іздеу жариялаған болатын. Оның екі сыбайласымен бірге жасаған қылмыстық істердің арасында қарақшылық және адам ұрлау секілді ауыр қылмыстар да бар. 1984, 1986 және 1988 жылы туылған бұл сезіктілердің кесірінен жәбірленушілерге 3 миллион теңгеден астам шығын келген.

Қылмыстық топтың көсемін құрықтау операциясына "Арлан" арнайы жасағының сарбаздары қатысқан
Қылмыстық топтың көсемін құрықтау операциясына «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары қатысқан

Көптен бері іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтау операциясына «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары да жұмылдырылды. Шымкенттегі жалдамалы пәтерде жасырынып отырған жерінен ұсталған қылмыстық топтың серкесінің жанында тағы екі күдікті болған. Олардың үшеуі былтыр ауыр қылмыс жасаған деп айыпталып отыр.

 «Былтыр мамыр айында бұл күдіктілер Шымкент қаласының тұрғыны, кәсіпкер азаматты ұрлап кеткен, – дейді Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы. – Содан өзін босатуы үшін ақша талап еткен. Оның БМВ көлігін ломбардқа өткізіп, ақшасын жаратқан. Ал жәбірленуші қашып кетіп, дереу полицейлерге хабар берді.»

Сол уақыттан бері жазадан қашып жүрген күдіктілердің бүлдіргені бір бұл емес. Ұйымдасқан қылмыстық топ бой тасалап жүріп те мал ұрлап үлгеріпті. Нақты айтқанда, сезіктілердің Бәйдібек ауданында 10 жылқыны айдап әкеткені анықталып отыр. Қазір күдіктілердің барлығы қамауда жатыр. Олардың үстінен қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша іс қозғалған. Тергеушілер бұл топтың өзге де қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.

Қылмыстық топтың серкесімен бірге екі сыбайласы да құрықталды
Қылмыстық топтың серкесімен бірге екі сыбайласы да құрықталды

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WJRUvK8ni4k[/youtube]