Шымкентте қылмыс саны күрт артқан. Тіпті, соңғы үш жылда қала облыста көш бастап келеді. Мұны шенділердің өзі мойындап отыр. Бірінші тоқсанды қорытындылаған құқықбұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жиын барысында осылар мәлім болды.Құқықбұзушылықпен күресу, оның алдын-алуға ішкі істер бөлімі өзінің қауқарсыз екенін байқатты. Олардың қызметіне жергілікті биліктің де көңілі толмайды.
1-тоқсан бойынша 3984 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда 8,6 пайызға өскен. Шымкент бойынша, әл-Фараби ауданы көш бастап тұр. Мұнда түнде жүргізілген рейд жұмыстарына қарамай, қоғамдық орындар мен кафе, клубтарда орын алатын қылмыстар саны артқан. Алайда, ішкі істер бөлімі тоқсан бойы заңсыз сауда мен қатар қайыршылардың да жолын кесуде аянбай еңбек еткенін алға тартты.
Бауыржан Селтанов, Шымкент қалалық ІІБ басшысы: «Қайыршылардың күнде таңертең кім алып кеп тастайды, кешке кім алып кетеді? Осы мәселені анықтау барысындамыз. Забадамда жеті бірдей қайыршыны алып келіп, үйіне қайтып әкететін азаматты анықтадық. Қазіргі таңда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, алдағы уақытта жұмыс жандана түспек».
Бір аптаның ішінде 61 көлікті айып тұрағына тықтық деп ағынан жарылған шендінің жұмысына бас партияның қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов қарсылығын білдірді. Сыйы кеткен учаскелік инспекторлар мен шен таққандарға бірінші кезекте этика-эстетиканы үйрету қажет дейді ол.
Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы:»Бұрын, Совет Одағы кезінде учаскелік полицейлердің абыройы асқақ болатын. Олар әрбір үйде не болып жатқанын, қайсы қылмыскер, қайсысы алқаш екенін жақсы білетін. Ал қазір ондай жоқ. Өздері халықпен қалай сөйлесу керектігінде білмейді».
Ал кезегі келіп, өз баяндамасын жасаған Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары болса, қылмысты болдырмау үшін жүргізілетін профилиактикалық жұмыстың жоқтығын айтты. Оның мәлімдеуінше, 16,17,18 шағынаудандар бүгінде қылмыстың ошағына айналған. Өйткені полицияның бақылауынсыз қалған аулалар көп дейді. Ол аз дегендей, «Чапаевка» елдімекеніндегі заңсыз есірткі тасымалымен сақтау, сатушылардың жолын түбегейлі кеспесек, сондағы балаларды оқшаулау орталығына қауіп төніп тұр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=w6v20ALv6GQ[/youtube]