Шымкентте апатты көпір жоқ

424
Қонаев даңғылындағы өткел

Ал Шымкентте апатты көпірлер жоқ. Сала мамандары осылай мәлімдеді. Биыл тек шағын өткелдерде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Қапал батыр көшесіндегі көпір
Қапал батыр көшесіндегі көпір

 

Бұл Қапал батыр көшесіндегі көпір. Ол облыс орталығын қала сыртындағы шағынаудандармен жалғайды. Астында тоғыз жолдың торабы болса, үстінде жүйткіген көліктер. Көліктердің тас жолы бірер жыл бұрын жөнделгенімен, ой-шұқырлары жеткілікті. Ал жаяу жүргінші жолының тозығы жеткен. Шұрық тесіктерден күндіздің өзінде абайлап жүрмесе, қауіпті.

Қонаев даңғылындағы өткел
Қонаев даңғылындағы өткел

Ал қаланың күре тамырына айналған Қонаев даңғылының бойындағы өткелдерге шағым көп.

Алмат Туғанбаев, қала тұрғыны: «Мына көпірден зорға өтесің. Қай жерде құлап қалады екенмін деп. Құдай-ау неге жөндемейді. Анау көліктер жүйткіп жүреді. Адамдар әрең жүреді. Біздің билік қарапайым халықпен санаспайды да. Неге көңіл бөлмейді, неге жөндемейді?»

өткелден адам өту қауіпті
өткелден адам өту қауіпті

Атайдың сөзінің жаны бар. Жаяу жүргінші жолы мұнда да қауіпті. Бір емес, бірнеше жері шұрық тесік. Тұрғындар өткел ашылғалы бері, жөндеу көрмеген дейді. Жауапты мамандар да мұны жоққа шығармайды.

Абай Тұрғанов, ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: «Биыл Қонаев даңғылының бойындағы өткелдерді ағымдағы жөндеуден өткіземіз. Сондай-ақ, тағыда біраз көпірлердің адам жүргінші жолдары жөнделеді. Сырланады, әктеледі».

Жалпы, Шымкентте 17 көпір бар екен. Бүгінгі таңда ешбірі апатты саналмайды деп жауаптылар ағынан жарылды. Десек те, барлығы биыл ағымдағы жөндеуден өтеді деп сендірді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=77jdCcm-F_Q[/youtube]