Қатты тұрған дауылдың салдарынан қаладағы бағдаршамдардың 60 пайызы істен шыққан. Жексенбі күні толассыз жауған жаңбыр мен желдің салдарынан үлкен даңғылдарда, орталық көшелерде бағдаршамдар сөніп қалып, әжептеуір кептеліс болған.
Салдарынан жол апаты да орын алды кейбір көшелерде. Бүгінгі күннің өзінде бірнеше көшелерде бағдаршам әлі жұмыс істемей тұр. Алайда, әкімшілік тарапынан құрылған екі мобилдік топ, күні-түні жұмыс істеп, бағдаршамдардағы ахуалды анықтауда.
Қуатжан Жұматаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: «Қалада Төреқұлов, Иляев, Дулати, Рысқұлов, Қазыбек би көшелеріндегі бағдаршамдар әлі қосылған жоқ. Олардың істен шығуының салдары да әртүрлі. Бірінің желісін желден құлаған ағаштар қиып кетсе, енді бірінің трансформаторлары күйіп кеткен. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін кешке дейін жөнделіп бітеміз деп отырмыз».
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gUWDXJc25sQ[/youtube]