«Әл Фараби» сауда орталығында бал көрмесі басталды. Ресейдің Орталық өлкесінен әкелінген 20 дан астам бал түрлері әкелінген мұнда. Дәмі тіл үйірер балдан басқа тәттілердің көп түрі бар көрмеде.
«Әл-Фараби» СО-да тәттіқұмарларға тамаша тарту. Шымкенттіктер ресейліктер әкелген балдың сан түрімен қоса, шығыстың шербеттерінің шырындарынан дәм тата алады.
Қарақұмық немесе жөке балы, емен бал тағы бар… Біздің өлке үшін таңсық балдың бар түрі бар мұнда. Шаршағанда жаныңызға жайлылық сыйлап, ауырғанда деніңізге шипа болар балды әл9Фараби СО-ғы көрмеден табасыз.
«Әл Фараби» сауда орталығының сатып алушылары ресейлік тәтті өндірушілердің басқа да өнімдерінің дәмін тата алады. Барлық өнім жоғары сапа талаптарына сай, тұтынушылардың сұранысына ие.