Шымкентте Республикалық оқу-әдістемелік кеңес өтті

496
Шымкентте Республикалық оқу-әдістемелік кеңес өтті

Шымкентте ҚР Ғылым және Білім Министрлігі жанынан құрылған Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуға еліміздегі 16 бірдей жоғарғы оқу орындарының ұжымдары келіп отыр. Олардың ішінде Абай атындағы қазақ -ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы қазақ-ұлттық университеті және Қазақ Мемлекеттік қыздар институты ұстаздары да бар. Арнайы жиын барысында оқу орындарының кадрлар жасағы, жаңа модульдік-сандық технологияны оқу бағдарламаға кеңінен енгізу мәселесімен қатар, тәжірибе алмасу жағы қаралды. Қатысушылар оқу бағдарламаларының халықаралық стандартпен тең болуы үшін жаңа технологиямен бірге, оқулықтың да маңызы мол деп отыр. 

Дархан Сабырханов
Дархан Сабырханов оқу процесіне қатысты нормативтік құжаттардың бекітілгенін айтады

Дархан Сабырханов, оқу-әдістемелік жұмыстың проректоры: «Бұл жерде оқу процесіне қатысты нормативтік құжаттар бекітілді. Солар жоғарғы оқу орындарына таратылады. Егер міндетті түрде оқытылатын пән болса, сол пәннің мазмұны, көлемі бәрі бірдей болуы керек. Сол бірдейді бірдей қылатын мазмұнды бағдарламаны осы мәжілістен кейін бәрі қолдарына алады. Сонымен қоса пәндер әлемдік талаптарға сай болуы керек, оқытылуы керек».

Жылына 2 рет өткізілетін арнайы кеңеске қатысушылар жиынның берері көп деп есептейді. Халықаралық стандартпен тең дәрежеде білім беруге көшуге жол ашады. Сондықтан жаңа бағдарламадан қалыс қалмауға тырысудамыз дейді олар.

Перизат Үркімбаева, Әл-Фараби атындағы қазақ-ұлттық университетінің химия пәні мұғалімі: «Ия, бұл кеңес арқылы біз көп үйренеміз я болмаса, тәжірибемізбен бөлесеміз. Ең бастысы әлемдік деңгейдегі бағдарламалардан қалмаймыз. Әлі де болса үйренеріміз көп. Сол себепті білім берудің жаңа бағдарламаларын кітап етіп шығарып, соны қолданысқа енуін қолдап отырмыз».

Оқу-әдістемелік кеңеске
Оқу-әдістемелік кеңесте 9 мамандықтың оқу-жоспары түзілді

Айта кетейік, оқу-әдістемелік секцияларының Республикалық кеңесі бұл жолы 9 мамандықтың жоспарын түзді. Анығырақ айтсақ, 1. Кәсіптік оқыту; 2. Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау; 3. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 4. Органикалық заттардың химиялық технологиясы; 5. Баяу балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы; 6. Мәдени-тынығу жұмысы; 7. Әлеуметтік-мәдени сервис. Осылайша мамандықтар бойынша жаңа классификатордың жобасын талқылаған топ оқулықтар мен оқу құралдарын қарап шығып, ОӘС «Оқу-әдістемелік секция баспаға ұсынған» белгісімен баспадан шығаруға ұсыныс жасады.