Шымкентте Сабантой тойланды (фото)

1642
Қол күрестен басқа, дорбамен ұрысу да бар. Әсіресе балалар қызығушылық танытқан жұмсақ дорбалар да жеңімпазды анықтауға жақын. Белсенді ойыншы Рома Фатихов қарсыластарын шаң қаптыруда. "Мен алғаш рет ойнап тұрмын бұл ойынды. Дорбамен алысуды бұрын тек сырттан тамашалайтынмын. Ойын барысында тек күшті болсаң ғана жеңеді екенсің, шыдамдылық керек, Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын" дейді жас ойыншы.

 

Көктемгі егіс жұмыстары аяқталды. Ал бұл кезде татар халқы сабантой мерекесін атап өтеді. Абай саябағына жиналған татар халқы мерекені айтарлықтай жақсы өткізді. Біз де мерекден шет қалмай, Сабантойдан сарқыт жеп қайттық.
Көктемгі егіс жұмыстары аяқталды. Ал бұл кезде татар халқы сабантой мерекесін атап өтеді. Әдеттегідей, «Абай» саябағына жиналған татар халқы мерекені айтарлықтай жақсы өткізді. Біз де мерекеден шет қалмай, Сабантойдан сарқыт жеп қайттық
Сахна төрінде орындаған өнерпаздар әніне келген көпшілік би биледі, осылайша олар мерекенің мәртебесін көтерді. Ұлттық киімдері де өздеріне жарасып-ақ тұр.
Сахна төрінде орындаған өнерпаздар әніне келген көпшілік би биледі, осылайша олар мерекенің мәртебесін көтерді. Ұлттық киімдері  өздеріне жарасып-ақ тұр. Дәстүрін дәріптеуді парызы санаған татар халқының бұл тойды асыға күткендері байқалды
Айтпақшы, ән мен биден басқа түрлі әзілге толы ойындар да ойналды. Көпшілікті күлкіге қарқ қылған олар ұлттық салт-дәстүрді де насихаттауды ұмыт қалдырмады.
Айтпақшы, ән мен биден басқа түрлі әзілге толы ойындар да ойналды. Көпшілікті күлкіге қарқ қылған олар ұлттық салт-дәстүрді насихаттауды ұмыт қалдырмады
Көрермен қауым сахнадан көз алмай өнерпаздар өнерін тамашалап отырды. Бұл әдет-ғұрыпқа деген құрмет қана емес, өнерге деген сүйіспеншілік болса керек. Қол соғып, демеп, қолдау көрсетті осылай.
Көрермен қауым сахнадан көз алмай өнерпаздар өнерін тамашалап отырды. Бұл өнерге деген сүйіспеншілік қана емес, салт-дәстүрге деген құрмет болса керек. Қол соғып, демеп, қолдау көрсетті осылай
Ақ жаулықты аналар да Сабантойдың сәнін кіргізді. Ұлттық мерекеге айналған тойды жоғары дәрежеде атап өту керек дейді олар. Ең бастысы ұлттық киім үлгісі екенін де
Ақ жаулықты аналар да Сабантойдың сәнін кіргізді. Ұлттық мерекеге айналған тойды жоғары дәрежеде атап өту керек дейді олар. Ең бастысы айтулы күн ұлттық киім үлгісін киюмен де ерекшеленетінін жасырмады әжелер
Аналар сөзін құлақтарына құйған жастолқын ұлттық киім киіп, тойға үлкен дайындықпен келіпті.
Аналар сөзін құрметтейтін жастолқын ұлттық киім киіп, тойға үлкен дайындықпен келіпті. Мұны көргендер түрлі мән-мағынаға толы, тархы тереңде жатқан ұлттық ою-өрекпен әшекейленген киімдері өздеріне құйып құйғандай, десті. Саябақтың көркін ашқан той баршаға мерекелік көңіл күй сыйлады

 

Сабантойдың қызығын тамашалауға ОҚО әкімінің орынбасары Берік Оспанов та арнайы келіпті. Ол татар ұлтының өнері мен дәстүріне тәнті болып отырғанын айтады. Саима Ақбердиева, ОҚО татар ұлттық мәдени орталығынң төрайымы: " Сабантой Дихандар егін егіп, алқаптың жеміс беруін күтетін кезде тойланады. Барша жұрт бас қосып, тәттілер жасап, ән айтып, би билейді. Ертеректе сабантойдың тіпті жастар бір-бірімен жақынырақ танысу үшін де мәні болған, қазір де солай. Былайша айтқанда, мереке әрбір адамның өмірін өзгертіп, қуаныш сыйлайды".
Сабантойдың қызығын тамашалауға ОҚО әкімінің орынбасары Берік Оспанов та арнайы келіпті. Ол татар ұлтының өнері мен дәстүріне тәнті болып отырғанын айтады. » Сабантой Дихандар егін егіп, алқаптың жеміс беруін күтетін кезде тойланады. Барша жұрт бас қосып, тәттілер жасап, ән айтып, би билейді. Ертеректе сабантойдың тіпті жастар бір-бірімен жақынырақ танысу үшін де мәні болған, қазір де солай. Былайша айтқанда, мереке әрбір адамның өмірін өзгертіп, қуаныш сыйлайды. Сонау ғасырлардан бастау алып тойланып келе жатқан дәстүрлі мереке баршамызға құт-береке әкелсін. Тарихи тойдың ғұмыры ұзақ болғай. Алдымен Елбасы Н.Назарбаевқа алғысым шексіз! Достықтың шаңырағын биік қойып, Қазақстанның болашағы жарықн болуын бүгіннен бастап қалап жатыр» , деді ОҚО татар ұлттық мәдени орталығының төрайымы Саима Ақбердиева
Айта кетейік, татар ұлтының арулары да бұл күні ұлттық киімдерін киіп, сұлулана түсті. Саябаққа келген қала тұрғындарына қонақжайлылық танытып, дастарханға шақырып жүр.
Айта кетейік, татар ұлтының арулары да бұл күні ұлттық киімдерін киіп, сұлулана түсті. Саябаққа келген қала тұрғындарына қонақжайлылық танытып, дастарханға шақырып жүр

 

Сабантойдың құрметіне Равиль Шарипов Тараз қаласынан арнайы келген. Құр емес, қолтығына баянын қысып әкеліпті. Мұндағы ойым - тойға шашу сыйлау дейді өзі. Осылайша ол жұртшылық алдында татар халық әні "Кездесу" әнін орындап берді.
Сабантойдың құрметіне татар ұлтының өкілі Равиль Шарипов Тараз қаласынан арнайы келген. Құр емес, қолтығына баянын сүйеп әкеліпті. Мұндағы ойым – тойға шашу сыйлау дейді өзі. Осылайша ол жұртшылық алдында татар ұлтының халық әні «Кездесу» әнін орындап берді
Бұл - Сабантойдың сәніне айналған ұлттық ойынның бірі. Қол күрестірген кіл мықтылар осалдық танытпауға тырысты. Ал айнала қоршаған көпшілік ойыншыларға жанкүер болып, ойын барысын тамашалап, кімнің жеңіске жетерін топшылауда.
Бұл – Сабантойдың сәніне айналған ұлттық ойынның бірі. Қол күрестірген кіл мықтылар осалдық танытпауға тырысты. Ал айнала қоршаған көпшілік ойыншыларға жанкүер болып, қол соғып демеу көрсетті. Осылайша олар ойын барысын тамашалап, кімнің жеңіске жетерін топшылауда
Қол күрестен басқа, дорбамен ұрысу да бар. Әсіресе балалар қызығушылық танытқан жұмсақ дорбалар да жеңімпазды анықтауға жақын. Белсенді ойыншы Рома Фатихов қарсыластарын шаң қаптыруда. "Мен алғаш рет ойнап тұрмын бұл ойынды. Дорбамен алысуды бұрын тек сырттан тамашалайтынмын. Ойын барысында тек күшті болсаң ғана жеңеді екенсің, шыдамдылық керек, Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын" дейді жас ойыншы.
Қол күрестен басқа, дорбамен ұрысу да бар. Әсіресе балалар қызығушылық танытқан жұмсақ дорбалар да жеңімпазды анықтауға жақын. Белсенді ойыншы Рома Фатихов қарсыластарын шаң қаптыруда. «Мен алғаш рет ойнап тұрмын бұл ойынды. Дорбамен алысуды бұрын тек сырттан тамашалайтынмын. Ойын барысында тек күшті болсаң ғана жеңеді екенсің, шыдамдылық керек! Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын» деп ағынан жарылды жас ойыншы
Ал бұл сәтте әйелдер жағы да қызу ойынға кіріскен. Қолдарындағы садақшамен көз-тақтайшаға дәл түсуі тиіс.
Ал бұл сәтте әйелдер жағы да қызу ойынға кіріскен. Қолдарындағы садақшамен көз-тақтайшаға дәл түсуі тиіс. Әрбір ойыншыға 3 рет көздеу мүмкіндігі берілді
Өкінішке орай ешбір әйел баласы көз-тақтайшаға дәл түсе алмады. Ал олар "күнделікті ойнамағанның нәтижесі" деп түсіндірді.
Өкінішке орай, ешбір әйел баласы көз-тақтайшаға дәл түсе алмады. Олар бұны «күнделікті ойнамағанның нәтижесі» деп түсіндірді. Дегенмен әрбір ойыншы бағалы сыйлықтармен марапатталды
Таңғажайып табиғаттың тылсым сырлары бейнеленген суреттер көрмесі де тамашаланды. Туындылар бірнеше айдың көлемінде дайын болғанын айтты ұйымдастырушылар.
Таңғажайып табиғаттың тылсым сырлары бейнеленген суреттер көрмесі де тамашаланды. Туындылар бірнеше айдың көлемінде дайын болғанын айтты ұйымдастырушылар. Еңбекке қарап, суретшілердің шеберлігін анық аңғаруға болады
Мынадай тәтті нандар да ұсынылды. Нан арасына жаңғақ пен әселден кілегей жасау арқылы әзірленген тәтті бәліш  татар ұлтының дастарханынан үзілген емес, дейді мәдени орталық өкілдері.
Мынадай тәтті нандар да ұсынылды. Нан арасына жаңғақ пен әселден кілегей жасаумен өріле отырып әзірленген тәтті бәліш татар ұлтының дастарханынан үзілген емес, дейді мәдени орталық өкілдері
Жаздың алғашқы жексенбісінде тойланатын мерекеге атсалысқандар көп болды.  Келген көпшілік суреттер көрмесі мен тәтті шақ-шақтарға тәнті болып жүр. Өңірімзде 1991 жылдан бері жұмыс жасайтын мәдени орталық өз ұлттық болмысын жоғалпақ емес.
Жаздың алғашқы жексенбісінде тойланатын мерекеге атсалысқандар көп болды. Келген көпшілік суреттер көрмесі мен тәтті шақ-шақтарға тәнті болып жүр. Өңірімзде 1991 жылдан бері жұмыс жасайтын мәдени орталық өз ұлттық болмысын жоғалпақ емес

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JgJnegFkKt4[/youtube]