Шымкентте «Ырыс алды-ынтымақ» облыстық форумы өтуде

902
"Ырыс алды-Ынтымақ" форумының барысы

 

"Ырыс алды-Ынтымақ" форумының барысы
«Ырыс алды-Ынтымақ» форумының барысы

Оңтүстiк Қазақстан облысында жыл сайын өткiзiлетiн «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумы биыл Шымкент қаласында жалғасын тапты. Бұл iс-шара әдетте Наурыз мейрамымен астасып жататын, биыл Отан қорғаушылар күні қарсаңында өтті. Сол себепті де «Жаңа қазақстандық патриотизм-ел болашағының тірегі» тақырыбында өрбіді.

Халыққа пайдалы ж иынның мәртебесi әрқашан биiк, нәтижесi мол болған. Жиынды қоғамдық форумның хатшысы, белгiлi жазушы Мархабат Байғұт жүргiздi. Алқалы бас қосуға облыс әкiмi Асқар Мырзахметов қатысып, сөз сөйледi.

Осыдан бес-алты жыл бұрын көне, киелі Түркістан қа­ла­сында бастау алып, Мәртөбе мен Ор­да­ба­сы­да, жер кіндігі Қазығұртта жақсы жара­сы­мын тапқан “Ырыс алды – ын­ты­мақ” жиы­ны бұл жолы патриоттық тәрбие төңірегінде әңгіме өрбітті. Мінберге шығып сөз алғандардың басым бөлігі, қанда бар қасиет кейінгі толқынның бойынан да табылады дейді. Елі мен жерін сүйетін, тілі мен дәстүрін құрмет тұтатын жастар көп, сондықтан болашағымыз баянды болатынына сенімді.

Тойым Жүнісов, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы: «Қазақ болғалы, ел болғалы патриоттық сезім қатар жүреді. Ол қанға сіңген қасиет. Қазақпын деген ұл-қызымыз жері үшін күрескен, жастар бойында бұл қасиет бар. Сондықтан Мағжан сенген жастарға бізде сенеміз».

Сахна төрінде тұрып, ақсақалдарға иіле сәлем салған Баян Айтбекқызы қыздардың тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ескертті. Қызымыз есті, келініміз келісті болса еліміздің еңсесі түспейді дейді форумға қатысушылар.

Баян Жандосова, №9 мектеп лицейінің директоры: «Қыз баланың тәрбиесіне жай қарауға болмайды. Егер қыздарымыз патриот болса, ол ертең ана болады, сондай анадан туған ұрпақ елінің болашағының бағдары болмақ».

Осылайша, қоғамның жақсысы мен жаманын саралап шыққан ардақтылар патриоттық рухта «Ырыс алды -ынтымақ» қоғамының 8 форумын қорытындылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MikiSO0pOtQ[/youtube]