Шымкенттегі Чапаевка елдімекенінде тағы да жарылыс орын алды. Бұл туралы полицейлердің кезекші бөліміне түс қайта сағат 4-тен асқанда тұрғындар хабарласқан. Айтуларынша, мұндағы үйлердің бірінің қақпасының алдына белгісіз жарылғыш зат қойылыпты. Сол жарылып кеткен. Оқиға орнына тездетіп полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жиналды.
Бейресми деректерге қарағанда жарылыстан бір адам зардап шеккен. Ол аяғынан жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан қан дақтары көрініп тұр.
Дегенмен, полицейлер бейнекамераға түсінік беруден бас тартты. Қазір оқиға орнында Еңбекші полиция бөлімінің криминалистері мен өзге де сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Олар осы оқыс оқиғаның толық себеп-салдарын анықтайтын болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jvtruk8axT0[/youtube]