Шымкенттегі кафелер мен мейрамханалырдың барлығында бірдей кальян жойылған жоқ. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2013 жылдың наурыз айынан бастап қоғамдық орындарда қорқор (кальян) шегуге тыйым салған болатын. Дегенмен, бұл заң әлі де толық жүзеге аспай жатқан секілді.
Бұлай деуімізге таяуда ғана Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жүргізген рейд барысында әшкереленген фактілер себеп болып отыр. Полицейлер көпшілік тамақтанатын орындарды тексеруге шыққан болатын. Ә дегеннен-ақ көшенің бойында орналасқан кафелердің бірінен бірнеше заң бұзушылық табылды. Соның бірі — кафе үстелдерінің жүргінші жолдың үстіне жайылып кетуі болып тұр.
Тағы бір анықталған ереже бұзушылық — кафенің ішінен қорқор табылды. Бармен үстелінің үстінде бір емес, екі кальян тұр. Алайда, кафе қызметкерлері «ол тек әдемілік үшін тұр» деп, жауаптан жалтарды. Қазір осы фактілерді ішкі істер басқармасының мамандары тексеріп жатыр. Ал мұндай рейдтер алдғаы күндері де жалғасады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pl1SVHRD8n4[/youtube]