Air Astana әуе компаниясына тиесілі Boeing 757-200 ұшағы жексенбі күні Шымкенттің әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Лайнер Ташкенттен Алматы қаласына бет алған-ды. Бұл туралы Baq.kz хабарлап отыр.
Ұшақтың жедел түрде жерге қонуына борттағы техникалық ақаулар себеп болған. Ұшу кезінде ауаны кондициялау жүйесі істен шықты.
Әуе кемесінің бортында 136 жолаушы болған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ.
Жолаушылар Airbus A321 әуе лайнерімен Алматы қаласына жеткізілді. Ал апатты ұшақ жөндеу базасына жөнелтілген.
Айта кеткен абзал, Air Astana 20 ішкі және 30-дан астам халықаралық бағыттар бойынша қызмет көрсетеді.