Халықтар Достығы үйіне жапсарлас қосымша ғимарат салынуда

754
Халықтар дорстығы үйі

 

Халықтар дорстығы үйі
Халықтар достығы үйі

Халықтар достығы үйіне келер жылы жарты ғасыр толады. Тозығы жеткен ғимаратта соңғы рет күрделі жөндеу жұмысы 2006 жылы жасалған. Бұрынғы Сейфуллин атындағы кинотеатрдың тар және де ыңғайластырылмаған бөлмелерінде ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейтін.Таяуда олар қоныс тойын тойлайды. Өйткені, негізгі ғимаратқа жапсарлас қосымша ғимараттың құрылысы басталды. Ұлттық мәдени орталықтың өкілдері бұл жағымды жаңалықты көп күткен еді.

Айдынғали СЫДЫҚОВ, Халықтар достығы үйінің директоры: «3 қабатты қосымша ғимаратта 14 бөлме, 50-60 адамға шақталған мәжіліс залы, дайындық жүргізетін бөлме болады. Ғимарат пайдалануға берілгенде ұлттық-мәдени орталықтары кесте бойынша   жұмыс жасайды».

Бүгінде мәдени орталықтары 5 бөлмеде жайғасқан.Әзірге қосымша ғимараттың құрылысын мердігер компания «Эль-Строй» ЖШС жүргізуде. Жұмысшылар жер қазба жұмыстарын аяқтап, ғимараттың іргетасын қалап жатыр.

Сәбит Райымбеков,» Эль -Строй» ЖШС -нің директоры: «Халықтар достығы үйіне жапсарлас қосымша ғимаратының құрылысын мамырдың 10-на бастадық. Қазан айында пайдалануға тапсырамыз деп жсопарлаудамыз. Техникамыз да мамандарымыз да жеткілікті. Жобаны «Жер Групп» мекемесі әзірлеген.

Құрылыстың барысы мен сапасын ұлттық мәдени орталықтары өкілдерінен жасақталған комиссия бақылайды. Сондықтан да нысан ақаусыз тапсырылады деген сенім де жоқ емес.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bf_LmBF1j6k[/youtube]