Жастар ерлікті жырлайды

370
Жас шығармашыл топ ерлікті жырлады

«Ерлік алауы өшпейді». Биыл ҰОС-на 68 жыл толып отыр. Атаулы дата қарсаңында, өңіріміздегі Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада жоғары және арнаулы оқу орны белсенділері мен мектеп оқушылары тыл ардагері Шерім Медеуовпен кездесті. Арнайы шара аясында «Ештеңе де, еш уақытта ұмытыламайды» деген олар патриоттық ән орындап, сұрапыл жылдар жайында баяндамалар оқыды. Тіпті жас ақындар ерлікті жырларына арқау етті. Айта кетейік, «Ерліктің мәңгі алауы» тақырыбы аясында өрбіген шара соңында жастолқын сұрақ қойып, ардагерің өз аузынан елдің бастан өткерген қиыншылықтарынан хабардар болды. Қария ол кезде бала болсам да колхоздың малын айдап келуге, үлкендерге қолғабыс жасауға жарадым дейді мақтанып.

Ардагер
Ардагер Шерім Медеуов 6 жасымда тылда еңбек еттім дейді

 

Шерім Медеуов, тыл ардагері: «Сол қиын кезеңде менің жасым небәрі 6-да еді. Қолымнан ауыр жұмыс істеу келмейтін. Тек жер жыртқанда аттың үсітне отырғызып қояды, соны айдап жүремін. Кішкентай болғасын ұйқым келіп, ұйықтап, кейде құлап та қаламын. Әйелдер қайтадан мінгізіп қояды. Кей кездері түні бойы жіп оратады. Соны орап отырып, шаршааап көз іліп кететінмін. Кемпір-кешектер түртіп-түртіп оятып, жұмысқа салады. Колходың малдарын айдап келуге жібереді. Мұндай майда жұмыстарға үлкендер бізді жіберіп, өздері бұдан да ауыр шаруалар атқаратын. Әрине, қарнымыз ашып, жылап жүріп үлкендерге еріп жұмыс атқардық. Қазір ойлап қарасам, әкем мен ағамнан ерте айрылып, балалықтың не екенін білмей өсіппін ғой. Бірақ мен бұныма өкінбеймін, қаншама қиындық көрсем де мен өмірімді Отаныма арнадым деп жұбатамын. Осы жастарға жарқын болашақ сыйлағандар қатарында болғаныма қуанамын. Қазір жастар өте ақылды. Адамгершілігі мол. Жауапкершілігі бар. Ал дұрыс бағдар беру аға буынға жүктелген. Сондықтан мен қазіргі жастардың беталысын, көзқарасын қолдаймын».

Бір қызығы, осылайша өзі көрген қиыншылықтарды тізбектеп айтқан ақсақал жүзінен қуаныш лебі байқалды. Әрине, бұл — өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған мақтанышы болса керек. Ал ОҚМПИ-дың студенті Рысалды Атығаев «Жеңіс алауы» атты өзінің жазған өлеңін арнайы оқып берді. Отанға деген сүйіспеншілігін, ардагерлерге деген құрметімді осы жыр жолдарына сыйғыздым дейді жас ақын.

Рысалды Атығаев ерлікті жарлаудан жалықпайтынын айтады
Рысалды Атығаев ерлікті жырлаудан жалықпайтынын айтады

Рысалды Атығаев, жас ақын: «Мен қазір өзімнің шығармамды оқыдым. Осыдан бірнеше күн бұрын жазылған, әлі сиясы да кеппеген өлең. Менің атам да жауангер болған. Осы ҰОС ардагері. Өткен жылы қайтыс болды. Бір жағынан атамды сағынып, екінші жағынан мынау жастардың, достарымның патриоттық сезімін оятқым келді. Өзімнің оқитын тобыма да осы өлең жазылған қағазды іліп қоймақпын. Мұндағы мақсатым — топтастарым да ата-апаларымыздың ерлігіне құрмет көрсетсе екен деймін».

Бүгінде ерлікке осылайша тағзым етіп, ардагерлерге құрметін жеткізген жастолқын бақытты ұрпақпыз деп мақтанады. Ендеше, олар аманат еткен тәуелсіздікті қызғыштай қорғауы маңызды.