Бүгін таңертеңнен студиямызға «Ленгірдегі түрмеде жазасын өтеушілер арасында келеңсіздіктер орын алып жатыр, бірнеше адам ќайтыс болыпты, тағы бірнеше адам аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген деп, қоңырау соғушылар көп болды. Сол жерде менің балам да жазасын өтеп жатыр еді, жолдасым сол түзеу мекемесінде, біліп беріңіздерші, не болғанын біле алмай, қиналып отырмыз » деген қоңыраулар да толастамады.
Мәлім болғанындай, Леңгірдегі ИЧ-167/9 мекемесінде профилактикалық шаралар кезінде қызметкерлер мұндағылардан спирттік ішімдіктер мен тиым салынатын заттар, ұялы телефондар тәркілеп алған. Абақты сыртына 20 шақты адам жиналып, іште тәртіпсіздік болып жатқанын айтып, шу шығарған. Олардың бірқатары Төлеби аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген.
Шу шыққан түзеу колониясына жету үшін, алдымен бірнеше бекеттен өту қажет. Мекемеде жазасын өтеп жатқан туыстарының жағдайын білеміз деп байбалам салған аналары мен бауырлары полицейлерге бағынбай, ішке енуді көздеді. Оларды даурықтырған — абақтыда бірнеше адам жарақаттанып, кісі өлімі болған деген қауесет әңгіме.
Аптап ыстықта түрме торыған аналар ешкімді тыңдағысы келмеді. Ұялы телефондарына әлдебіреулер мекеме ішінде болып жатқан жағдай туралы айтып, хабарлап үлгеріп жатыр. Тіпті, 6 адам қайтыс болды, бірнешеуі жарақат алып, ауруханаға түсті деген алып-қашпа сөздер де тарап үлгерді сол маңда. Бұл сөздердің шындыққа жанаспайды деген түрме басшылығы тілшілер мен сотталушылардың құқын қорғау үйымының өкілдерін ішке кіргізді.
Қылмысты атқару жүйесі қызметкерлерінің айтуынша, олар қатаң режимде жазасын өтеушілерден тек заңдылықты талап етеді. Қолдануға болмайтын бұйымдар мен ұялы телефондарын тәркілегенін жасырмайды. Ол профилактикалық шаралар кезінде талап етілетін шарттар. Осы тұстарды түзеу мекемесінің мамандарына сотталғандардың туыстарына ұзақ түсіндіруіне тура келді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YwbimOHXoWA[/youtube]