Бұл оқиға есте жоқ ескі замандағы құлиеленушілік қоғамды тағы бір еске салды. Оңтүстік Қазақстан облысында құлиеленушілерге қатысты сот отырысы өтті. Кентау қаласының тұрғындары әкелі-балалы Тілеуовтерге Өзбекстан азаматын заңсыз бастандығынан айырғаны үшін сот үкім шығарды.
Айта кетейік, 2006 жылы көрші елдің тұрғыны Дмитрий Балабанов өзінің 5 отандасын ертіп оңтүстікке нәпақа табу үшін келеді. Алты жатжұрттық ағайын кентаулық кәсіпкер Оразбек Тілеуовтің қол астына жұмысқа орналасады.
Бастапқыда жұмыс беруші уақтылы жалақыға уәде етіп, ас-ауқатты да мойнына алады. Алайда, ол сөзінде тұрмай екі ай бойына жұмысшылармен есеп айырыспайды. Тілеуовтің осы құйтырқылығын сезсек керек, Балабановтың серіктестері күдерін үзіп, басқа жақтан жұмыс іздеуге бел байлайды. Ал Дмитрий қожайынына сенім білдіріп, жылы орнынан жылжымады шешеді. Нәтижесінде ол ақшадан да, құжаттарынан айырылып, 6 жыл бойына кентаулық кәсіпкерге құлдық етеді. Қатыгез қожайын оны ұрып-соғып, тіпті тамақтан да қысады. Бұл уақытта Дмитрий Балабановқа туыстары іздеу салып жатады, Өзбекстанда ол ізім-қайым жоғалды деп хабарланады.
«Беркут» арнайы бөлім сарбаздары 48 жастағы Балабановты Кентау қаласындағы жанармай бекетінде жүргізген операциясы кезінде тауып алып, бостандыққа шығарады. Құлиеленушілер сыбайластар да тап осы күні қолға түседі.
Кентау қалалық соты кәсіпкер Оразбек Тілеуовке қатаң режим колониясында жазасын өтеу үшін 9 жыл, осы іске қатысы бар деп танылған оның ұлына алты жыл кеседі. Әкелі-балалыға көмектескен кентаулық тұрғын Азамат Құнанбаев та жазасыз қалған жоқ. Сот үкімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылады.