Бүгін бүкіләлемдік донор күні. Осы атаулы датаға орай, еркін және ақысыз өз қандарын басқа қажет еткен адамдарға берген адамдарға алғыс білдірілді. «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан облыстық қан орталығына таңертеңнен осындай еріктілер келе бастады. Қанға деген тапшылықты жою үшін өз үлесін қосқандар көш басында қала әкімі Дархан Сатыбалды да болды.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды облыстық қан орталығына донор болуға келген алғашқылардың бірі болды. 100-ге жуық қызметкерін ерте келген қала басшысының бұл алғашқы қан тапсыруы емес екен. Студенттік кезден донор болып жүрген оның қан тобы 4-ші оң нәтижелі.
Донор күні облыстық қан орталығындағылар 200 ден астам еріктіні күтіп отыр. Мұнда жылына 12 мың литр қан өндіріледі. Биыл ол межеден де асырсақ деген жоспар да қойыпты. Өйткені, кез келген мезетте сұйық зат қажеттілігі туындайды.
Ең бастысы, Өзгеге өмір сыйлап, донор болу үшін 18- жастан асып, жұқпалы аурулармен ауырмауыңыз керек.
Денсаулығы мықты, донор болуға ниетті әрбір адам 450 мл қан тапсырады. Ол 24 сағаттың ішінде толық қалпына келеді. Өзгеге өмір сыйлап өзіңізді құрметтеп донор болуға асығыңыз.