Қаламыздағы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің саны тағы бесеумен толықты. Қытайда шығарылған бұл көліктерді «АвтоАртЛТД» компаниясы сатып алған. Жыл басынан бері 90 жаңа автобус қалаға кіргізіліп, бүгінгі күнде түрлі бағыттарда жүріп тұр. Әр автобус паркіне жыл сайын өз көліктерінің 20 пайызын жаңартып тұруы қажет.Осылайша олар, жолаушылар тасымалы үшін берілетін тендер шарттарының бірін орындайды.
Жаңа көліктің кілтін иемдену жағымды жағдай. Ол жүргіншілер автобуыс болса да. Сәрсенбай Қиясов 30 жыл қоғамдық көліктерде жүргізуші қызметін атқарып келеді. Ал Бұл жаңалық жүргізушінің көңілін көтеріп тастады.
Сарсенбай Киясов, автобус жүргізушісі: «Автобуста жүргізуші мен жолаушыларға қажетті барлық жағдай жасалынған. Автобус ішінде ауа тарылмас үшін барлық терезелер ашылып жабылады. Ал қыста көлік ішіндегілер тоңып қалмас үшін 6 көлік пеші орнатылған. Жүргізушілердің кіріп-түсуін көріп тұратын көлікке монитор да қойылған».
Мекеменің басшысы да бұл жағдайға қуанышты. Бұл компания иелігінде 30-дан астам автобус бар. Оның оны жеті жыл бұрын Украинадан әкелінген. Ал бұл 5 автобус Қытайдан әкелінген. Барлығы Евро -3 стандартына сай.
Қала басшысының қоғамдық жаңа көліктерге деген ешқандай уәжі жоқ. Тек қана көліктер жол ережесін білсе болғаны. Автобустардың түсі біркелкі ақ пен сарыдан құралған. Бұл дегеніміз қаптаған көліктер арасынан көзге бірден түсу үшін екен.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sDTYEYqvU_k[/youtube]