Қорылға қарсы дәрілер

АСОНОР
АСОНОР
АСОНОР

АСОНОР. Бұл препарат кез келген дәріханада сатылады. Қатаң дәрігер нұсқауы бойынша алуыңыз керек. Аталған дәрінің көмегі 5-7-ші күндері тиеді. Бірақ бұл дәріге ЭКСТРА-ЛОР деп аталатын қосымша аппаратты кию керек. Бұл таңдай бөлігін жоғары көтеріп ұйықтауға көмектеседі. Көп дәрінің ішінде ең тиімдісі осы болып отыр. Дәріні үй жағдайында да жасауға болады. Ол үшін қарапайым зәйтүн майын ұйқы алдында ас қасықпен ұрттап, таңдай бөлігін 20-40 секунд шаю керек. Емнің бұл түрі айтарлықтай нәтиже береді. Әсіресе шылым шегетіндер үшін жақсы әдіс.

Ал тыныс жолын жақсартамын десеңіз теофиллин препаратын пайдаланып көріңіз. Бірақ барлық дәрілерді сомнолог, ЛОР, невропатолог дәрігерлердің кеңесінен кейін пайдаланғаныңыз дұрыс. Қорылды емдеуге болады. Өзіңізге де, жаныңыздағы адамға да тәтті ұйқы сыйлаңыз. Қорылдаушы еркектің әйелі әр түні әуежайда ұйықтағандай әсер алады екен. Ал бұл кереңдік пен күйзеліске алып келеді. Қорыл үшін ажырасып кететін жұптар да аз емес.

Ақмарал МЫРЗАХМЕТ