Шымкент қаласындағы Абай полиция бөлімінің қызметкерлері кісі өлтіру әрекетін тексеру үстінде. Полицейлерге бұл қанды оқиға жайлы 15 жасар жеткіншек хабар берген. Қайнар бұлақ саяжайында тұратын жасөспірім күдіктінің белгісіз бір адаммен бірге көліктің жүк салғышына мәйітті салып жатқанын көріп қойған.
Оқиға орнына тез арада шұғыл тергеу тобы аттанады. Аздан соң екі күдіктінің қолына кісен салынған. Олардың бірі — 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Тергеу кезінде оның айтқаны — қанды оқиға болған күні кешке үйіне екі егде кісі келіп, жөндеуде тұрған мұның автокөлігін таяқпен ұра бастағанын айтқан.
«Біз ол кезде кешкі асымызды ішіп отырғанбыз. Даладан шыққан дыбыстарды естіп, үйден жүгіріп шықтым. Оны тоқтатпақ болып, қой десем, қоймады. Өзіме де қол жұмсамақ болды, — дейді күдікті. — Содан қарап тұрмай, мен де оны тамағынан ұрдым. Ол бірден құлады. Сүйреп апарып, қораға қамап қойдым.»
Тергеушілер мұқият жұмыс жасап мынаған көз жеткізді: осыдан бірнеше апта бұрын күдікті жігіт үйіне келген кезде әйелінің бір жас жігітпен көңіл қосып отырғанын көріп қояды. Содан ол жігітті ұрып-соққан. Ал ашына жігіт әкесіне барып шағымданса керек. Содан жас жігітітң әкесі қасына танысын ертіп, баласын соққыға жыққан күдіктінің сазайын бермек болады. Алайда, өзі мерт болды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=m4PamACxHUM[/youtube]
Таңертең күдікті жігіт қорасының есігін ашып қараса, егде кісінің өліп жатқанын көреді. Содан мәйіттен құтылмақ болып, жолдасымен бірге көлігінің жүк салғышына салады. Қаланың сыртына апарып көміп тастап, үйіне келген бетте қолға түскен. Қазір осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.