Өзбекстан жұлдызы Райхон Шымкентте

660
Райхон осы образды өз қиылымен жасап шығыпты
Көбелек сынды бұл костюм әншінің төл туындысы
Көбелек сынды бұл костюм әншінің төл туындысы

 

Райхон осы образды өз қиылымен жасап шығыпты
Райхон осы образды өз қиылымен жасап шығыпты

Шымкентте Өзбекстанның эстрада жұлдызы Райхон Ганиеваның концерті өтті.  Концерт бермес бұрын журналистермен жүздесіп алғанды жөн көрген әнші Райхон Ганиева ашық жарқын әңгіме құрды. Балалық шақтан бастап, өнер жолы өмір өткелдері мен шеберлік сырларынан ағынан жарылды.

Райхон Ганиева, әнші: «Біздің шығармашылық топ әрбір концертті бейне түсірілім жасап, кейіннен міндетті түрде бірлесіп талқылаймыз. Мен үшін кез келген ұсақ түйектің өзі маңызды. Әр кештен көрген кемшілікті кейіннен болдырмауға тырысып, үздік болуға ұмтыламыз.»

Алты жастан бастап ән айтып, өзбекстандық қана емес, алыс жақын шет ел көрерменін жиып үлгірген Райхонның концертін Шымкентте «Проарт» өнер орталығы ұйымдастырды.

Джавлон Каримов, «Проарт» өнер орталығының бас директоры: «Біздің орталық Орта Азия, Ресей, бүкіл Еуропаның әншіәлерін шақырып концерртер ұйымдастыпы қана қоймай, түрлі жобаларды қолға алмақ. Әлем фотографтары қатысатын халықаралық жоба жасамақпыз Шымкентте. Жоспар көп. Евент көрмелеріміз де бар.»

Талай рет «жыл әншісі» атанған Райхонның өнеріне шымкенттік тыңдарман да тәнті. Тіпті әншінің өнер сатыларына дейін бақылап отырамыз дейді олар.

Ташкентте танылған «Проарт» енді шымкенттік көрермендерді талай өнер кештерімен қуантпақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=R3ErY6YjiKo[/youtube]