Өзгеге өмір сыйла! Шымкентте қан донорлары күні өтті (фото)

Қала әкімінің қан тобы 4-оң дәрежелі

14 маусым – Бүкіләлемдік қан донорлары күні

Бүгін бүкіләлемдік донор күні. Осы атаулы датаға орай, еркін және ақысыз өз қандарын басқа қажет еткен адамдарға берген адамдарға алғыс білдірілді. «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан облыстық қан орталығына таңертеңнен осындай еріктілер келе бастады. Қанға деген тапшылықты жою үшін өз үлесін қосқандар көш басында қала әкімі Дархан Сатыбалды да болды.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды облыстық қан орталығына донор болуға келген алғашқылардың бірі болды. 100-ге жуық қызметкерін ерте келген қала басшысының бұл алғашқы қан тапсыруы емес екен. Студенттік кезден донор болып жүрген оның қан тобы 4-ші оң нәтижелі.

Донор күні облыстық қан орталығындағылар 200 ден астам еріктіні күтіп отыр. Мұнда жылына 12 мың литр қан өндіріледі. Биыл ол межеден де асырсақ деген жоспар да қойыпты. Өйткені, кез келген мезетте сұйық зат қажеттілігі туындайды.

Ең бастысы, Өзгеге өмір сыйлап, донор болу үшін 18- жастан асып, жұқпалы аурулармен ауырмауыңыз керек.

Денсаулығы мықты, донор болуға ниетті әрбір адам 450 мл қан тапсырады. Ол 24 сағаттың ішінде толық қалпына келеді. Өзгеге өмір сыйлап өзіңізді құрметтеп донор болуға асығыңыз.

Облыстық қан орталығы Нұрсәт шағынауданында орналасқан

Өткен жылы мұнда 17800 ерікті донор қан тапсырған

Осылай жылда 12 мың литр қан өндіреді. Биыл оны 500-ге көбейтуді жоспарлауда. Әдеттегідей облысымызда теріс нәтижелі қан топтары қажеттілігі бар

Бүгінгі күннің өзінде қан орталығында 100 литр қан қорда бар

Қан тапсыру тәртібіне келер болсақ, алдымен жеке басын куәландыратын куәлік қажет. Қан алу үшін тек қана бір рет қолданылатын материалдар пайдаланылады

 Әр донор В және С гепатиттеріне, АҚТҚ – жұқпасына, сифилистен тексерістен өтеді. Тексерістің нәтижесі тұлғаның өзіне және жасырын түрде хабарланады

Бүгінгі акцияға қатысамын деушілерге флюорографиялық тексеріс, кардиолог кеңесі, қан тобы мен резус факторын анықтау, АҚТҚ жұқпасына жедел диагностика жүргізіледі

Қанға деген тапшылықты жою үшін өз үлесін қосқандар көш басында қала әкімі Дархан Сатыбалды да болды. Шахар басшысы 100-ге жуық қызметкерлерін ерте келген

Қала басшысы Дархан Сатыбалдының бұл алғашқы қан тапсыруы емес екен. Айтуынша, студенттік кездерден 7-8 рет қан тапсырған. Енді екі айда бір қан тапсыруға уәде етті
Қала басшысы Дархан Сатыбалдының бұл алғашқы қан тапсыруы емес екен. Айтуынша, студенттік кездерден 7-8 рет қан тапсырған. Енді екі айда бір қан тапсыруға уәде етті
Қала әкімінің қан тобы 4-оң дәрежелі
Қала әкімінің қан тобы 4-оң нәтижелі
Әкімдік, өзге сала қызметкерлренінен бөлек, бүгін өз мұқтажына келген жандар да болды. Мәселен,  25 жастағы Самат Тикаев босанудан соң, қан кеткен әпкесіне көмектесуге келіпті. Егер орталыққа келіп, (4-топ, оң нәтижелі) өз қанын тапсырса, оған қажетті (2-топ) сұйықтықты береді екен

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nnOSqjPyX7w[/youtube]