42 градус ыстық болады

328
ауа температурасы 42-ге дейін көтерледі

 

ауа температурасы 42-ге дейін көтерледі
ауа температурасы 42-ге дейін көтерледі

Оңтүстікте алдағы демалыс күндері ауа райы өте қатты ыстық болады. Кей жерлерде көлеңкедегі ауа температурасының өзі 42 градустан жоғары болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда бұл тым артық. Сондықтан   да дәрігерлер кейбір науқастардың денсаулығына алаңдаушылық танытады. 

Дәл қазіргі қысқа мерзімді жауын шашын ұзаққа созылмайды. Ертең 5  маусым күні жаңбырлы салқын ауа райы болуы ықтимал, ал одан кейінгі күндеріауа температурасы 42-ге дейін көтерілуі мүмкін.

Жанат Жарменова, инженер-синоптик: «Бірнеше күн бұрын ауа өте қапырық болған еді. Сол кездің өзінде ауа температурасы 33-ге дейін жоғарылаған болатын. Бұл маусым айы үшін қалыпты температура. Алдағы екі күн ішінде ауа температурасы қалыпты күйде болады. 7-ші маусымнан бастап 9-на дейін нағыз ыстық күндер болмақ».

Құрғақ ыстық ауа райы тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигіңзбей қоймайды дейді дәрігерлер. Ауа температурасының құбылмалы болуына байланысты жедел жәрдемнен көмек сұрағандар қатары күрт артқан. Мамыр айымен салыстырғанда  күндігіне 900-дан 1200 науқас жедел медициналық көмекке жүгінген. қан қысымының жоғарылауы, жүрек қан тамырлары аурулары алдыңғы орында.

Синоптиктердің айтуынша Шымкентте ыстық ауа райы ұзақ болмайды. Маусымның екінші жартысында ауа температурасы түнде +11,+1 6 градус жылы болса, күндіз 24,+29 градус нолден жоғары болмақ.