49 директорды босатқаннан сапа жақсара ма?

«Шара қолданылсын» дегенмен, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысын өз қызметіне лайықсыз деп ұсыныс білдіргенмен, облыстық білім басқармасының бастығы А.Елшиева бұдан түк нәтиже шықпай отырғанын айтады

Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша қол жеткізген жетістіктеріміз де аз емес. Мысалы облыс бойынша 7 түлек ең жоғарғы көрсеткіштерге қол артса, 325 түлек «Алтын белгіге» лайықты екендіктерін дәлелдеген.Бірақ, «әдемі» көрсеткішті етекке тартқандар да жоқ емес.

«Шара қолданылсын» дегенмен, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысын өз қызметіне лайықсыз деп ұсыныс білдіргенмен, облыстық білім басқармасының бастығы А.Елшиева бұдан түк нәтиже шықпай отырғанын айтады
«Шара қолданылсын» дегенмен, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысын өз қызметіне лайықсыз деп ұсыныс білдіргенмен, облыстық білім басқармасының бастығы А.Елшиева бұдан түк нәтиже шықпай отырғанын айтады

Солардың қатарында Сарыағаш, Созақ аудандары тағы да ауызға алынды. Тағы да дейтініміз, бұл аудандардың ҰБТ бойынша көрсеткіші былтыр да мәз болмаған. «Ша

ра қолданылсын» дегенмен, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысын өз қызметіне лайықсыз деп ұсыныс білдіргенмен, облыстық білім басқармасының бастығы А.Елшиева бұдан түк нәтиже шықпай отырғанын айтады. Себебі білім бөлімінің басшысын тағайындайтын да, қызметтен алатын да аудан әкімі. Ал Созақ ауданы былтырғы межесіне жетпек түгілі 14 % кері кетіп, ҰБТ нәтижесін төмендетіп алған.

Жазаланбады емес, былтыр төмен нәтиже көрсеткен мектеп директорлары, олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жазаға тартылған. Қызметтен алынды, сөгіс берілді. Шара көрілді.

– Биыл да төмен нәтиже көрсеткен 63 мектеп бойынша 49 директордың өз ісіне лайықты еместігі туралы ұйғарым жасалып, аудандық білім бөлімдеріне берілді, – дейді А. Елшиева.

Айтпақшы…

Арқын-жарқын айтылған бұл әңгіме «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ-да өткен саяси бюро кеңесінде кеңінен сөз болды.

Сөз болғаны сол, бюро мүшелері-облыстық мәслихаттың депутаттары сапасыз білім берген мектеп басшыларына нақты шара көрілуін талап етіп, табандап тұрып алды.

А. Елшиеваның «заң бойынша бұл менің құзыретіме кірмейді, мен тек ұсыныс бере аламын» деген уәжін шарасыздыққа балағандар да табылмай қалмады.

Ақырында білім саласына қатысты өзге мәселелердің де басын бастаған саяси кеңес мүшелері, алдағы кезде білім басқармасына қолдау көрсете отырып, айтылған түйткілдерді бірлесіп шешуге келісті.

26-021

 

Шәріпбек ЖАМАЛБЕК
Шәріпбек ЖАМАЛБЕК

Шәріпбек ЖАМАЛБЕК, облыстық мәслихаттың депутаты: 

– Облыста үш ауысымда білім беретін мектептер санын білім басқармасы неге жасыратындығын түсінбеймін. Басқарма айтып жүргендей өңірімізде мұндай мектеп 3-еу ғана емес, біз тексергенде 20 екені анықталды. Шымкенттің іргесіндегі «Құрсай» шағынауданындағы мектепте Құдай біледі үш емес төрт ауысымда білім береді-ау…Мұндай мектептерді жасырғанша ашып айтып, жаңа мектептердің санын арттыру керек емес пе?!

 

 

 

Лесбек Тәшім
Лесбек Тәшім

Лесбек Тәшім, облыстық мәслихат депутаты: 

– Жаңа мектеп-тердің сапасына қадағалау керек. Құрылысқа жоспарланған қаржыны үнемдеп, көлемін қысқартудың кесірі жаңа мектеп ашылғанмен, іші бос болуына әкеп соғып отыр. Сайрам ауданындағы «Мәдени» орта мектебі жаңадан пайдалануға берілгенмен, іші бос тұр. Мердігер компаниялардан мектепті толық пайдалануға табыс етерде құрал-жабдықпен қамтамасыз етуін талап еткен жөн.

 

 

 

Оңалбай АЯШЕВ
Оңалбай АЯШЕВ

Оңалбай АЯШЕВ, облыстық мәслихаттың депутаты: 

– Соңғы жылдары мектептерде оқушыларды екі топқа бөліп қарау белең алды. «ҰБТ-тапсыратындар», «ҰБТ-тапсырмай-тындар» болып. Көптеген мектеп директорлары «көрсеткішімізді төмендетесің!» деп кей оқушыларды ҰБТ тапсыруға жібермейді. Бұл баланың құқығын шектеу. Осындай мектеп директорларына шара көріле ме, жоқ па?!

Сондай-ақ, Мақтарал аудандық білім бөлімінің бастығы Бапаевтың орнына неге әлі күнге дейін лайықты азаматтың қызметке алынбай отырғандығы мені мазалайды. Аудан әкімі қойған кадрдың қаржы жымқырып, қылмысты болып жатқанын біле тұра, қол қусырып қарап отырған болмайды ғой. Білім басқармасы жаңа басшы тағайындауға ықпал етуі керек деп ойлаймын.