900 миллион теңгені игермеген

Ұқсатылмаған қаржының көп бөлігі құрылыс саласына қатысты
Ұқсатылмаған қаржының көп бөлігі құрылыс саласына қатысты
Ұқсатылмаған қаржының көп бөлігі құрылыс саласына қатысты

Сарыағаш ауданында бюджетке бөлінген 900 миллион теңге игерілмеген. Соның салдарынан Сарыағаш теңгені дұрыс ұқсатпаған аудандардың көшін бастап тұр. Мүлдем жасалмаған іс те көп, қаржы бөлініп, жол ортада қалып кеткен жұмыстар да жетерлік.

Ұқсатылмаған қаржының көп бөлігі құрылыс саласына қатысты. Жоспар бойынша Сарыағашта бес мектеп пен бір жатақханаға биыл күрделі жөндеу жасалу керек болатын. Алайда, тендерге қатысты түрлі себеп оған жол бермеді деп ақталады жауаптылар.

Қазына қаржысын білім бөлімі де қажетті парта-тақталар сатып алу үшін уақытылы игермеген. Аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінде де кемшіліктер жетерлік. Барлығының айтар уәжі бар. Бірі мемлекеттік сатып алу конкурсы уақытылы өтпеді десе, екіншісінің басқа уәжі дайын.

Қысқасы, белгіленген мерзімде аудандық әкімдік бөлінген ақшаны уақытында игермесе, барлық қаржы қысқаруы мүмкін.

Ауданға арнайы іс-сапармен барған облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сөз соңын осылай түйді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6jmpqfOUNSE[/youtube]