Ашық су көздеріне де бақылау қажет. Олар ағынды және шайынды сумен ластанып отыр. Мәселен бір ғана Тассай елдімекеніндегі ағынды судың көлшігі көптің тіршілігіне кедергі болып отыр.
190 орамда орналасқан жасанды көлшікке Тассайлықтардың барлық канализациялық қалдықтары келіп құйылады екен. Ашық су көздерінің бүгінгі ахуалы сала мамандарын алаңдатуда. Олардың айтуынша, лас көлшік жұқпалы аурулардың дендеуіне себеп болуы мүмкін. Ал, жергілікті тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдап бүлдіршіндерін сыртқа шығаруға қорқады екен.
Тассайлықтардың айтуынша, олар бұл мәселені алғаш рет көтеріп отырған жоқ. Алайда, жергілікті жұрттың жанайқайына құзырлы органдар құлақ асатын емес.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MrlD8OO_nYw[/youtube]