Емделуге кезекке тұру үшін дәрігер жазған барлық сараптамадан өтуің тиіс

 

Емделуге кезекке тұру үшін дәрігер жазған барлық сараптамадан өтуің тиіс
Емделуге кезекке тұру үшін дәрігер жазған барлық сараптамадан өтуің тиіс

Емдеуге жатқызу бюросының ПОРТАЛЫ. Бұл ауруханаға жату үшін рәсімделетін шара. Бірақ басы ауырып, балтыры сыздағандар оңтайлы деген жүйеден оң нәтиже көрмей отыр. Ауруханаға жатудың машақатын арттырып жіберетін жүйе дейтіндердің қатары да күн санап артып келеді.

Тыл ардагері Сәтен Беленованың туыстарының дәрігерлерге деген өкпесі қара қазандай. Апаның мүшкіл халін айтып, тиісті ем-дом алып, аурухаға жатқызғысы келген арманы орындалмай-ақ қойды. Портал кезегіне тұрып, құжат әзірлеу кейуанаға оңай туып тұрған жоқ.

Тыл ардагері Сәтен Беленова
Тыл ардагері Сәтен Беленова

Мырзайым Сариева, Сәтен апаның немересі: «Қан қысымы көтеріліп бір апта жүрдік. Сөйтсек, қан құрамындағы қанты көтеріліп кеткен екен. Сонан соң аптасына бір ақ рет келетін эндокринологқа жазылдым. Бүгін келсек, портал арқылы жатқызуға болмайды дейді. Сонда соншама жыл халқым деп еңбек еткен апамның қадірі болмағаныма?! Рахмет. Сіздер араласқан соң, ауруханаға жатқызамыз деді. Бірақ, үндемей жүргендер солай өліп кете беруі керек пе?»

Порталдың пәруайына түскен шәуілдірлік Кенжеғұл Нұрдиллақажының да айтары бар. Пайғамбар жасқа жеткен ол жүрек ауруына шалдыққан. Жылына бірнеше рет ауруханада ем қабылдауы керек. Бірақ, шалғайдан келетін қарт бір қағазды құшақтап күні бойы сандалуға мәжбүр.

Кенжеғұл Нұрдиллақажы
Кенжеғұл Нұрдиллақажы

Кенжеғұл Нұрдиллақажы: «Шәуілдірден ары тұрамыз. Қалаға жетем дегенше 300 шақырым жол жүріп келеміз. Сандалып күнімізді өткіземіз. Қажеті жоқ бұл портал дегеннің. Портал дегенді қазаққа қарсы жасалған әрекет деп білемін».

Ал дәрігерлердің айтуынша, портал бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесініің жетістігі. Жоспарлы емдеуге осы жүйемен жатқызу арқылы науқастар қалаған ауруханасын еркін таңдай алады. Емдеуге жатқызу бюросындағылар жұмыс жоспарының қалыпты екендігін айтып мақтанады. Олардың сөзіне сенсек портал кезегі қалыпты жылжып келеді.

Майра Нартаева, емдеуге жатқызу бюросы бөлімінің меңгерушісі: «Кезекті сәл күттіретін аурулар бар. Бұл ревматология, эндокрингология, неврология салалары. Мәселен, эндокринологияға жату үшін 10 күннен асық уақыт кетеді. Ал орташа есеппен біздегі кезек 3-5 күнде келіп қалады». 

Бұл порталға кезекке тұрған соң ғана күтетін уақыт. Ал алдын онсызда басы ауырып, балтыры сыздап, жүйкесі жұқарған науқас учаскелік дәрігер тағайындаған бірнеше тексеруден өтуі тиіс. Сондада оның ауруханаға жату жатпауы екіталай. Оны тек дәрігер шешеді. Осылайша, емхана, аурухана арасында сандалған сансыз халық емделуге қолы жетпей жүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4dz8IEZWCno[/youtube]