Жорналшылардың мерейі тасыған күн

Өңіріміздегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ұжымы да БАҚ өкілдерін айтулы мерекесімен құттықтықтауды ұмыт қалдырмады. Республикалық телеарналардың жергілікті ұжымдарымен қатар, облыстық «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» және «Отырар » арнасының тілшілеріне төл мерекесінде сый-кәдесін табыстап, мерейін асырды. Қаламызда жарық көретін басылымдар тілшілері де марапаттан шет қалмады. Орталық ұжымы халық пен билік арасындағы алтын көпір, дәнекері болып жүрген әріптестерімізге қоғамның кем-кетіктері мен қуанышты хабарды дер кезінде жеткізіп жүргендері үшін алғысын білдірді. Осылайша көпшілікке Шұғыл әрі шынайы ақпаратты жеткізуге тырысқан алтын мамандық иелері құрметке бөленді.

Береке Дүйсебеков БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады
Береке Дүйсебеков БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады

Береке Дүйсебеков, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлім бастығы: «Біз әрдайым журналистермен тікелей жұмыс жасаймыз. Себебі біздің кемшін түскен тұстарымызды да осі кісілер айтып отырады. Және халықтың мұң-мұқтажын да жеткізіп, өзгелердің назарын аударып, шындықты билікке жеткізіп жүретін де осы мамандық иелері. Үлкен құрметпен және ерекше алғыспен құттықтаймыз сіздерді! Қаламдарыңыз ұштала берсін! Елге еңбек сіңіре беріңіздер! Халық пен биліктің өкілі ретінде біз де Сіздерге үлкен сеніммен қараймыз!»

Уәли Қыдыр, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының директоры: «Журналистердің еңбегін бағалап, сый-құрметін бағалап жатыр. Ендеше, рахмет дейміз! Оңтүстіктен кәсіпкерлер шыға берсін! Кәсібін дөңгелетіп, еңбегі жана берсін! Халықтың жағдайына құлақ түріп, ел мен билік арасындағы байланысты орнатқан қауымға шығармашылық табыс тілеймін!»

Осылайша жорналшылар күні арқа-жарқа тойланып жатыр. Алтын мамандықты арқалаған әріптестеріміздің еңбегін бағалап, құрмет көрсеткен көпшілікке олар да дән риза.