Дінараздықты қоздырған жас жігітке сот үкімі шықты

290
айыпталушы қылмысын мойындап тұрса да адвокат ақтауға тырысып бағуда

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық сотында айрықша сот отырысы өтті. 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны дінараздықты қоздырғаны үшін айыпталды. Айыпталушы бұрын сотты болмаған, теріс мінез-құлқы да байқалмаған. Дегенмен, оның айыптаулышы орнынан табылуы да тегін емес.

айыпталушы қылмысын мойындап тұрса да  адвокат ақтауға тырысып бағуда
айыпталушы қылмысын мойындап тұрса да адвокат ақтауға тырысып бағуда

Тәртіп сақшылары айыпталушының үйінен діни мазмұндағы кітаптар мен дискілерді тапқан. Артынан белгілі болғандай, бұл азамат агерссивті діни оқылымдар жүргізген.Айыпталушы сот отырысы кезінде өз кінәсін мойындады. Ал оның адвокаты мұндай әрекеттерге  жас жігіттің өз еркімен, саналы түрде бармағанын айтады. Алайда, іске қатысты материалдар мен дәйектемелерді ескере келе сот оны кінәлі деп тапты.

Әл Фараби аудандық сотының судьясы Шара Бисембиева айыпталушыны Қылмыстық Кодекстің 164 бабы бойынша жалпы режимдегі колонияда 1 жыл алты ай бойына жазасын өтеуге кесті. Сот үкімі бойынша үйден табылған діни дискілер мен кітаптар да жойылатын болды. Алайда, жас жігіттің он бес күннің ішінде қайта шағымдануына мүмкіндік бар.