Екі күн демалыста 42 градус ыстық болады

398
Күн ыстық болады
Күн ыстық болады
Күн ыстық болады

Облыс синоптиктері алдағы демалыс күндері 42 градус ыстық болады деп ескертеді. Мамандар қан қысымы жоғары жандарға күн көзіне шықпауға кеңес береді. ОҚО-ның ТЖД сәтсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескертеді.

«Алдағы екі-үш күн бойында облыс бойынша 40-42 градустық ыстық ауа райы сақталады. Түнде 23 градус нолден жоғары болады деп күтілуде. Кейінгі күндері ғана, яғни 24 маусымнан бастап ауа темпераурасы қалыпты күйге келеді деп күтілуде. Облыс бойынша 33-38 градус жылылықты көрсетеді. Түнде кей жерлерде 17 градусқа дейін болмақ,»-дейді «Қазгидромет» ММК-ның ОҚОФ-ның инженер-синоптигі Динара Айтмұрзаева.

Таяу күндері жауын-шашын болмайды. Батыстан келген антициклонның әсерінен желдің екпіні 15-20 метр секундына жылдамдықпен соғады. Жалпы, биылғы жазда аномалиялық ауытқулар болмайды деп сендіреді синоптиктер. «Оңтүстікте жазда ауа райы суып кетеді деп айту қисынға келмейді. Биыл аса ыстық болады деген де болжам жоқ. Сондықтан да биылғы жаз маусымы екі-үш күндік 40-42 градустық ыстығы сақталып, қалыпты өтеді»-дейді Динара Айтмұрзаева.