Таяуда тағайындалған облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр Сарыағаш ауданында болды. Орынбасар алғашқы іс-сапарында жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке арыз-шағымдарына жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтың бірі Сағынғали Сайдашов көптің қамымен жүр. Айтуынша, аудандағы Рамадан каналы арнасынан асып, жан-жағындағы үйлерді су басып барады. Өйткені арна қоқысқа толған. Салынуы тиіс бетон қабырғаларға қаржының бөлінбей жатқаны да істі кері кетіріп барады. Ол бұған дейін Сарыағаштағы барлық шендіге келіп көрді. Бірақ нәтиже жоқ. Соңғы үміт облыс әкімінің орынбасарында.
Бұл күні Ербол Садыр үлкенді-кішілі проблемамен бас ауыртып жүрген 10-ға жуық Сарыағаштықты қабылдады. Көпшілігінің айтар шағымы — тіршілік нәрінен көрген тапшылыққа қатысты. Бұдан ауданда ауызсуға жарымаған ауылдың көптігінен хабар беретінін байқауға болады деді ол. Десе де, облыс әкімінің орынбасары барлық істің заң шеңберінде һәм жоспар бойынша жасалатынын түсіндірді.
Ербол Садырдың бұл әкім орынбасары болғаннан бергі алғашқы жеке іс-сапары. Жеке қабылдауды Сарыағашта өткізу кезектегі кесте бойынша ұйымдастырылған. Шенеунік қабылданған арыз-шағымдарды өз жеке бақылауына алатынын айтып, көптің көңіліндегі күдігін сейілтті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Sq6MyRoKlxE[/youtube]