Шымкентте қызғаныштың қызыл итіне жем болып, көңілдесін өлтіріп тастаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қолын қанға былғаған күдікті бұл әрекетті ішімдікке сылқия тойып алып жасаған. Бұл аса ауыр қылмыс болғандықтан, облыстық мамандандырылған сотта қаралды. Енді адам өмірін қиған және өз балаларының болашағына бас қатырмаған азамат темір торда жазасын өтейтін болады.
Айыпталушы көңіл қосып жүрген азаматшамен осыдан 1 жыл бұрын танысыпты. Сол уақыттан бері олар бірге тұрған. Ал қылмыстық оқиға үстіміздегі жылдың наурыз айында оры алады. Сол күні азамат ашынасының үйіне ащы суға тойып алып келген. Екеуі келіспей қалып, соның салдарынан азаматшаны пышақтап тастайды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DQhi9hQEExQ[/youtube]
31 жастағы азамат сотта нақсүйерін пышақтап тастауына қызғаныш себеп болғанын айтып, ақталды. Судья оның адамды қатігездікпен өлтіргенін және екі баласының көзінше осы әрекетке барғанын ауырлатытын мән-жай деп есептейді.