«Компания ЮгПласт» ЖШС-нің су, газ, кәріз жүйесіне арналған құбырлары сапасымен ерекше. «Жол картасы -2020» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының қолдауымен іске қосылған кәсіпорынның өнімі тұтынушының бар талабына сай.
«Оңтүстік» өндіріс аймағында орналасқан зауытта полиэтиленді құбырлары шығарылады.
Кәдуілгі шикізаттан қажетті диаметрлі құбырлары жасалып жатыр. Бас оператордың айтуынша, зауыт инновациялық соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Сондықтан да сапалы өнім кәсіпорын үшін қиын шаруа емес.
Ринат Төлжанов, зауыттың аға операторы: «Компьютердегі «экструдер» бағдарламасы өндірістің миы десе болады. Одан кейінгі процесс автоматты түрде жасалады. Өндіріс түгелімен автоматтандырылған».
Компания басшылығы қымбат тұратын құрал-жабдықты арнайы алдырған. Өйткені мықты жабдық сапалы өнім кепілі.
Нұрлан Темірбаев, технолог: «Краусс Маффэй неміс компаниясының құрал жабдықтары. Шығарылып жатқан құбырлар диаметрі 75 тен 630 мм дейін. Жұмыстың бәрі автоматтандырылғандықтан, сапалы өнімді аз уақытта өндіруге сенім мол».
Бүгінде кәсіпорында Оңтүстік Корея мен Ресейден әкелінген шикізат та жетерлік. Су, газ, кәріз жүйесі құбырларын жүргізетін мекемелердің барлығы дерлік сапасына дән риза. Облыс пен қалада ТҮКШ жаңғырту, газ жүйесін жаңарту жанданып жатыр. Сондықтан да «Югпласт» басшылығы тапсырыс берушілерге ондаған жылдар бойы тозбайтын құбырлар ұсынып жатыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cGzwuiwhAZ0[/youtube]