Жазылушылар күні "Отырар" телеарнасының кең ғимаратында өтіп жатыр

Шымкент қаласындағы Нәзір Төреқұлов көшесі, 15-үйде орналасқан «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің редакциясында Жазылушылар күні өтіп жатыр. Басылым ұжымы өз оқырмандарына арналған бұл іс-шараны таңертеңгі сағат 9:00-ден бастап жіберді.

Жазылушылар күні "Отырар" телеарнасының кең ғимаратында өтіп жатыр
Жазылушылар күні «Отырар» телеарнасының кең ғимаратында өтіп жатыр

Бұл күні редакция қызметкерлерінің барлығы оқырмандарына қызмет көрсетіп жатыр. Тұрғындарға сүйікті басылымдарына дәл осы күні 10 %-дық жеңілдікпен жазылуға мүмкіндік бар. Бұған қоса әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, «Ернұр-Пресс» компаниясы мен заңгерлерден, дәрігерлерден кеңес алуға болады.

Газет қызметкерлері өз оқырмандарына қызмет көрсетуге дайын
Газет қызметкерлері өз оқырмандарына қызмет көрсетуге дайын

Тіпті, басылым редакциясына банк қызметкерлері де келді. Олар өздерінің қызметтеріне қызығушылық танытқан әрбір қала тұрғынына жадынама таратуда.

Біздің тұрақты әріптесіміз
Біздің тұрақты әріптесіміз

Бұған қоса редакцияның ауласында тұтас жәрмеңке ұйымдастырылған. Түрі сусындар, шұжық өнімдері мен құс еті дейсіз бе, барлығы да осында табылады. Яғни, бұл күні газетке жазылуға келген оқырман үйіне қажетті азық-түлігін де алып кете алады.

"Зерде-Фито" шәйі
«Зерде-Фито» шәйі
"Мадина" макарондары
«Мадина» макарондары

Жазылушылар күні бүгін сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Олай болса, сіз әлі де редакцияға келіп үлгересіз, құрметті оқырман!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4InB577z3ps[/youtube]