Оңтүстікте өте жоғары сапада мақта талшықтарын шығаратын зауыт ашылады

Зауыт қыркүйекте салтанатты түрде ашылады
Зауыт қыркүйекте салтанатты түрде ашылады
Зауыт қыркүйекте салтанатты түрде ашылады

Енді Оңтүстік Қазақстан облысының өндірген мақта талшықтары әлемдік брендтердің стандартына сай келетін болады. Бұлай деп Шардараның кәсіпкерлері айтып отыр. Өйткені, ауданда таяуда мақтаны өңдейтін жаңа зауыт ашылмақ.

Жаңадан ашылмақ зауыттың басинженері Өмірзақ Оспанов қазір соңғы жұмыстарды жіті бақылауда. Енді өндірістік істерге қатысты біршама жұмыстар жасалса болғаны, кәсіпорын ақ алтынды өңдеу үшін қабылдауға толық дайын болады.

Өмірзақ ОСПАНОВ, зауыттың бас инженері: «Мұнда бәрі автоматтандырылған. Зауыттағы бір ғана оператор бір жерде отырып бүкіл кәсіпорынды басқара алады. Ал басқа зауыттарда ондай жағдай жасалмаған».

Бұл зауытпен Ақылбек Елемесов мақтанады. Өйткені, мұндай кәсіпорын Қазақстанда жоқ. Айтуынша, бұл жерден шығатын мақта талшықтары сән әлемінде бренд саналатын киімдерді тігуге де жарамақ. Талшықтардың өте сапалы боларына директор әбден сенімді.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 30 мың тонна мақта талшығын шығаруға арналған. Зауыт іске қосылғаннан соң мұнда 170 адам жұмыспен қамтылатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BwNbmzWTTec[/youtube]